Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

1700070
Түрік баспасөзіне шолу

 

Хүрриет газеті президент Ердоғанның сөздеріне орын берген.  Президент Режеп Тайып Ердоған 30 тамыз Жеңіс мерекесінің 99 жылдығында Анытқабір арнайы дәптеріне «Түркияны бізге қалдырған мақсат бойынша жарқын болашаққа жеткіземіз.  Түркия Республикасы мемлекеті сенімді» деп жазды.

Йени Шафак газеті де президенттің сөздеріне орын берген.  Президент Ердоған Анкарада Ұлттық Қорғаныс министрлігі, Бас штаб басқармасы және орталық қолбасшылықтар бас қосқан «Ай жұлдыз жобасының» іргетасын қалау рәсімінде сөз сөйледі. «Орталық қорғаныс жүйесін, бірлескен қорғаныс жүйесін қалыптастырамыз. Жауға үрей салып, досқа сенім береміз» деді ол.

Сабах газеті «Байрактар Akıncı шабуылдаушы ұшқышсыз әуе аппараты» деген хабар жариялаған.  Түрік қорғаныс өнеркәсібі қауіпсіздік күштерінің инвентарына берген «Bayraktar AKINCI» шабуылдаушы ұшқышсыз әуе аппараты әлемде жаңғырық туғызды. Америка Құрама Штаттарындағы медиа органы Bloomberg әуе аппаратының табысы туралы «Түркия әскери әлеуетін отандық дрондармен арттырады» деген тақырыппен берген. Хабарда Түркияның қорғаныс өнеркәсібі саласындағы тәуелсіз ұстанымы мақталды.

 Стар газеті «Еуропа Одағынан Түркия шешімі» деген хабар жариялаған. Азаматтық авиация бас дирекциясы Түркияның Еуропа Одағының цифрлық ковид-19 сертификаты жүйесіне қосылғанын білдірді.  Осы шешіммен коронавирус вакцинасы сертификаты және жарамды визасы бар Түркия азаматтары Еуропа Одағының 27 еліне саяхаттай алады.

Ватан газеті «Түрік Әуе жолдары Еуропада екінші орында» деген хабар жариялаған.  Түрік Әуе жолдары Еуропа авиациялық қауіпсіздік ұйымының деректеріне қарағанда,  23-29 тамыз күндері арасында күніне 1322 рейспен Еуропада ең көп ұшқан екінші авиакомпания болды.



Ұқсас жаңалықтар