Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары

1696829
Түрік баспасөзіне шолу

Хүррийет газеті «Ердоғанның 'Қайда едік, қандай сатыға жеттік?' хабарламасы» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Президент Режеп Тайып Ердоған өзінің билігі кезінде Түркияның экономика, қоршаған орта және инфрақұрылым, энергетика, ауыл шаруашылығы, мәдениет және туризм, сыртқы істер, қорғаныс өнеркәсібі, өнеркәсіп пен технология салаларында қол жеткізген жетістіктерін Твиттер аккаунтынан бөлісті. Ердоған «Қаншалықты қысқартып айтуға тырыссақ та, айтумен бітпейтін, сағаттарға тіпті күндерге сыймайтын істерді жүзеге асырдық» деді. 

Ватан газеті «Эвакуацияланған түріктердің саны анықталды» атты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Ауғанстандағы түріктердің эвакуациясына байланысты «Біз осы уақытқа дейін Ауғанстаннан 1 мың 404 адамды эвакуацияланды. Олардың 1 мың 61-і біздің азаматтар, қалғандар әртүрлі елдің азаматтары. Әлі оралғысы келетін 200-ге жуық азаматымыз бар» деді. 

Йени шафак газеті «Bayraktar TB2 Украинаның тәуелсіздік  күні мерекесіне таңба қалдырды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Украинаның бас қаласы Киевте өткен тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған мерейтойлық әскери шеруде Украина армиясына тиесілі Bayraktar TB2 пилотсыз қарулы әуе көліктері (түрік өндірісі) назар аударды. Бір пилотсыз әуе көлігі Киевтің көгілдір аспанында ұшса,  екіншісі шеру алаңынан өтті. 

Хабер түрік газеті «Түркия халықаралық мердігерлік бойынша әлемде үшінші орын алды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Халықаралық құрылыс өнеркәсібі саласының Engineering News Record (ENR) журналы мердігерлердің өткен жылы шетелдегі қызметтерінен түскен табыстарға сүйене отырып жариялаған тізімде Түркия 40 компаниямен Қытай (78 компания) және АҚШ-тан кейін (41) үшінші орын алды.  

Сабах газеті «Волейболдан әйелдер құрамасы 5-ші жеңісіне қол жеткізді» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Волейболдан әйелдер құрамасы  2021 CEV Әйелдер арасындағы Еуропа чемпионатында «D» тобындағы бесінші матчында Голландия командасын 3-0 есебімен жеңді. Әйелдер құрамасы осылайша «D» тобының көшбасшысы аталып, 8-дік финалға жолдама алды.



Ұқсас жаңалықтар