Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары

1695552
Түрік баспасөзіне шолу

Йени шафак газеті  «Президент Ердоғанның Еуропа басшыларына «қадам басыңдар» шақыруы» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Президент Режеп Тайып Ердоған Ауғанстанның тұрақсыз көш толқыны дағдарысқа айналмай тұрғанда Еуропа басшыларын «қадам басуға» шақырды. Еуроодақ (ЕО) Кеңесі төрағасы Мишель және Ұлыбритания премьер-министрі Джонсонмен телефонда сөйлескен Ердоған Ауғанстан мен Иранда қажетті шаралар қабылданбаған жағдайда көші-қонның жаңа толқынының басталатынына назар аударды. Ердоған бұл мәселе дағдарысқа айналмай тұрғанда Еуропа елдерінен бастап әркімнің шынайы түрде жауапкершілікті өз мойнына алуы керектігін баса айтты.

Хүррийет газеті «Түркия «Паналау орталығы құру» туралы жаңалықтарды жоққа шығарады» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Сыртқы істер министрлігі британдық баспасөзде ауған босқындармен байланысты хабарларында Түркияға сілтеме жасалғаны тақырыбында жазбаша мәлімдеме жасады. Жасалған мәлімдемеде аталмыш хабарлардың шындыққа жатпағаны атап көрсетілді.

Стар газеті «Bayraktar TB2 - әлемдегі ең үздік» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Пилотсыз әуе көліктері шығаратын «Байкар» компаниясының техникалық директоры Селчук Байрактар ​​Түркияның пилотсыз әуе көліктері технологиясында әлемде бірінші орында екенін айтты. Авиацияның алдыңғы қатарлы елдеріне қарулы пилотсыз әуе көлігі сатқандарын білдірген Селчук Байрактар «Bayraktar TB2 - әлемдегі ең үздік» деді.

Сабах газеті «Жылдам өсу рекорд жаңартты» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркияда жылдың екінші тоқсанында күтілетін рекордтық өсім баланста да көрініс тапты. Алғашқы алты айда тауар айналымы алғаш рет 1 триллион лирадан асты. Таза пайда 155 пайызға артып, 89,5 миллиард лираға жетті. Өсудің қозғалтқышы болып табылатын өнеркәсіптік саланың табысы 5,5 еседен астам өсті.

Ватан газеті «Волейболдан әйелдер ұлттық құрамасы 3-ші матчынан жеңіспен шықты» атты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Сербия, Румыния, Хорватия мен Болгария бірлесе ұйымдастырған CEV Волейболдан әйелдер Еуропа Чемпионатының «D» тобындағы үшінші матчында Волейболдан әйелдер ұлттық құрамасы Швецияны 3-0 есебімен жеңді. Бұған дейін Румыния мен Украинаны тізе бүктірген Әйелдер құрамасы чемпионаттағы үшінші матчында да жеңіске жетті.



Ұқсас жаңалықтар