Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

1694450
Түрік баспасөзіне шолу

 

Хүрриет газеті президент Ердоғанның сөздеріне орын берген.  Президент Режеп Тайып Ердоған Кабинет жиналысынан кейін мәлімдеме жасады.  Ол 6 қыркүйек күні мектептерде сабақ басталатынын айтып: «Әлі екпе ектірмеген мұғалім және басқа да қызметкерлер аптада кемінде екі рет PCR тесті тапсырады.  Ұшақ және қалалар арасында автобуспен саяхат, концерт, кинотеатр секілді адам көп болатын жерлерде де тест тапсыру міндеттеледі» деді.

Хабер Түрік газеті «Ауғанстандағы жаңа билікті мойындай ма?» деген хабар жариялаған.  Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Талибан Кабулды алғаннан кейін Ауғанстанда құрылатын жаңа үкіметтің мойындалуына байланысты «Шыныменен ауқымды, барлық тараптарды қамтитын үкімет құрыла ма, құрылмай ма, соны көруіміз керек.  Халықаралық қоғаммен бірге қозғаламыз» деді.

Йени Шафак газеті «Чехиядан Түркияға алғыс» атты хабарға орын берген.  Чех Республикасы Ауғанстандағы эвакуация істері үшін Түркияға арнайы алғыс айтты. Чехия Қорғаныс министрінің орынасары Йан Хавранек Түркияның ұшақтардың қонып, көтерілуін қамдағанын және сенімді рейс ұйымдастырғанын айтты.

Сабах газеті Еуропа Одағы шешімін тақырып қылған.  Еуропа Одағы арасында Түркияда бар үш елдің коронавирус вакцина сертификатын тануға шешім берді.  Еуропа Одағы комиссиясы Түркия, Солтүстік Македония және Украина жүргізген ковид вакцина сертификаттарына рұқсат берілуіне шешім қабылдады.

Стар газеті «Меркель түрік профессорға алғыс айтты» деген хабар жариялаған.  Германия канцлері Ангела Меркель коронавирус вакцинасын жетілдірген түрік текті ғалымдар Проф. Угур Шахин және Др. Өзлем Түрежи құрған компанияға барды. BioNtech компаниясының вакцина өндіру базасын аралады.  «Өнімдерді көрген кезде тартымды емес,  бірақ әсері керемет» деген Меркель Түрежи мен Шахинге алғыс айтты.



Ұқсас жаңалықтар