Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары.

1682778
Түрік баспасөзіне шолу

Сабах газеті «Әзербайжан мен Түркияны жалғайтын коридор» атты хабар жариялаған. Әділет және даму партиясы төрағасының өкілі Нуман Куртулмуш Әзербайжанды Түркі әлеміне және Түркияға жалғайтын Зангезур коридорының өте маңызды екенін айтты. Куртулмуш «Бұл коридор жүзеге асырылғанда Бакуге ғана емес, Түркия Республикасының да қатынасын жеңілдететінін айтты.

Хүрриет газеті «Түркия Ливияда маңызды актер» атты хабарға орын берген. Еуропада Одағының сыртқы істер қауіпсіздік жөніндегі мәртебелі өкілі Жозеп Боррель Испанияда шығатын «El Pais» газетіне берген сұхбатында Түркияның Ливияда маңызды бір актерге айналғанын білдірді. Ливияда Түрік теңіз базаларының болғанын түсіндірген Боррель «Бұл да Түркияның Жерорта теңізінің шығысынан да босқындарға ықпалы болатынын көрсетеді» деді.

Йени Шафак газеті «Ауғанстанда босқына қарсы үш шара» деген тақырыппен хабар жариялады. Ауғанстан босқындарына қарсы шекаралардағы шаралар күшейтілген кезде Түрік Қарулы Күштері үш сатылы қауіпсіздік жүйесін атқаруда. Алдымен жан-жақтылы бақылау, екіншісі абайлап кедергі жасау, үшіншісі болса ақырындап ұстау, шекарадан шығару және құқықтық жұмыстарды шешу.

Сабах газеті "Табиғи газда тағы бір сүйінші  беріледі" деген хабар жариялады. Энергия және табиғи ресурстар министрі Фатих Дөнмез «Қаратеңізде бізге  10 жыл  жететіндей табиғи газ табылды. Осы жылдың аяғында немесе алдымыздағы жылдың басында тағы бір сүйінші беруіміз мүмкін» деді.

Ватан газеті «Түркияның жаңа күші Санджак» атты хабарға орын берген. Америка қорғаныс хабар парақшасы «Defense New» Түркия тарапынан жасалған Санджактың үстем ерекшеліктерін таныстырды. Мақалада жүйенің құрлықтан, әуеден және жақын орындардан тік толқындар арқылы нысанадағы жабдықтың сигналдарын бұза алатынына назар аударды.



Ұқсас жаңалықтар