Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары

1681981
Түрік баспасөзіне шолу

Йени Шафак газеті «Қаратеңіз табиғи газының алғашқы оты жағылды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Президент Режеп Тайып Ердоған Сакария газды жағу рәсімінде «Қаратеңіз газының іске қосылуымен шетелге тәуелділікті азайтатын боламыз. Газдың бірінші кезеңін 2023 жылға дейін жеткізу үшін көп күш жұмсалуда» деді. Президент келесі жылға дейін 169 шақырым құбырды теңіз түбіне тартатындарына назар аударып «Бұл әлемнің ең ұзын терең теңіз асты байланысы болмақ» деді. 

Стар газеті «Түркиядан Буркина-Фасоға MEMATT экспорты» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Ұлттық қорғаныс министрлігінің еншілес компаниясы - ASFAT шығарған Миналарды механикалық тазарту құралдары (MEMATT) Әзербайжаннан кейін қазір Буркина-Фасоға экспортталады. Осылайша ASFAT Африкаға қорғаныс өнеркәсібінің алғашқы экспортын жүзеге асырды. 

Хүррийет газеті «Түркиядан үлкен жетістік...» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда орталығы Лондондағы Ember-дің осы жылдың бірінші жартыжылдығы қамтылатын Еуроодақ электр көрінісі аналитикалық орталығының есебіне қарағанда, Түркияда қазіргі кезеңде жел мен күннің жалпы электр энергиясы өндірудегі үлесі 12,9 пайызға өсті. Түркия жел мен күннен электр өндірісінде Еуроодақ елдері арасында 17-ші орында.  

Сабах газеті «ТӘЖ күндік 1323 рейс санымен Еуропада екінші орын алды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түрік әуе жолдары (ТӘЖ) күндік 1323 рейспен Еуропада ең көп ұшқан әуе жолдары тізімінде 2 –ші әуе компаниясы болды. Аталмыш тізімде Pegasus әуе жолдары болса 8-ші орын алды. 

Хабер түрік газеті «Патарадағы археологиялық қазба жұмыстарында 2 мың 300 жылдық балық сүйегі табылды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Анталияның Каш ауданындағы Патара Ежелгі қаласында жалғасқан археологиялық қазба жұмыстарында тағам қалдықтары арасында 2 мың 300 жыл бұрынғы балықтың сүйегі табылды. 

 



Ұқсас жаңалықтар