Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары

1671327
Түрік баспасөзіне шолу

Ватан газеті «Нысана - айт демалысына дейін вакцинацияны 70%-ға жеткізу» атты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Кожа Құрбан айтқа (20 шілде) дейін вакцина егуге тиісті 18 жастан асқан 62 миллионға жуық азаматтың 70 пайызына ең болмағанда І компонентті салуды мақсат етіп отырғандарын айтты. Кожа «Жылжымалы топтарымыздың санын мүмкіндігінше көбейтіп, мақсатқа тезірек жетіп, әлеуметтік иммунитетті қамтамасыз еткіміз келеді» деді.

Стар газеті «Татар: Екі мерекені бірге тойлаймыз» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Солтүстік Кипр Түрік Республикасының (СКТР) президенті Эрсин Татар 20 шілде күні Кипр бейбітшілік операциясының 47 жылдығының тойланатынын атап «Құрбан айттың бірінші күні болған 20 шілде күні рәсімдер үшін дайындық жасаймыз. Бұл рәсімдер кезінде Президент Режеп Тайып Ердоған және делегациясы Кипрде бізбен болады және біз екі мерекені бірге тойлаймыз» деді.

Сабах газеті «Туризмшілерде Ресейден жаңа рейс қуанышы» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Ресейдің Түркияға рейстерін бастауының артынан тағы 13 қаладан қосымша рейстер туралы сүйінші келді. Ресей Федералды әуе көлігі агенттігі (Росавиация) Түркияға қарай тарифті және чартерлік рейстер ұшатын қалаларға 12 шілдеден бастап 13 жаңа қаланың қосылатынын хабарлады.

Йени Шафак газеті «Пилотсыз қарулы әуе көліктері Түркияның мәртебесін көтеруде» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда орталығы Лондондағы Drone Wars интернет парақшасы Түркияның қарулы пилотсыз әуе көліктері бағдарламасы тақырыбында бір мақала жариялады. Мақалада Түркияның қарулы пилотсыз әуе көліктері өндірісі мен экспортын жалғастырып жатқанда, еуропалықтардың бұл мәселеде кешігіп қалғанына назар аударылды. Мақалада Түркияның АҚШ пен Израильдің пилотсыз қарулы әуе көлігі технологиясына қарсы шығып, «Түркия пилотсыз әуе көліктері санын арттыруда» делінді.

Хүррийет газеті «1915 Чанаккале көпірінің құрылысында аспалы арқандарды орнату басталды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда келесі жылы ашылатын Азия-Еуропа құрлықтарын байланыстыратын «1915 Чанаккале» көпірінің құрылыс жұмыстары жылдамдықпен жалғасуда. Көпір палубаларын бекіту үшін аспалы жағаларды біріктіру басталды. Инженерлік шеберлігімен көзге түскен әлемдегі ең ұзын орта қашықтыққа ие көпірді Чанаккале теңіз жеңісінің 107 жылдығына дөп келетін  2022 жылы 18 наурыз күні пайдалануға беру жоспарлануда.



Ұқсас жаңалықтар