Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары.

1668685
Түрік баспасөзіне шолу

Йени Шафак газеті «Ердоған әйелдер құқығын қорғауда табандылық жайлы мәлімдеме жасады» деген хабар жариялаған. Президент Режеп Тайып Ердоған әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықпен күресті табандылықпен жалғастыратынын айтты. Президент Ердоған "Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы кеше қалай күрессек, бүгін де солай күресті жалғастырамыз" деді. Ердоған әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың егжей-тегжейлі түрде қолға алынуы керектігін білдіріп, "Жаңа әрекет жоспарымызбен күресті тіпті күшейтудеміз. Өзгерген шарттар және жарыққа шыққан қажеттіліктер аясында әртүрлі заңдық және жүйелі алдын алу шараларын жалғастырамыз" деп көрсетті.

Хүрриет газеті «Чавушоғлу Кипр түркіне қолдауды қайталады» атты хабарға орын берген. Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Оңтүстік Кипр Понти әкімшілігінің Кипр түріктерін тең құқықты серіктес ретінде емес, азсанды ретінде көргісі келетін бір тұғыр ұстанғанын білдіріп, «Кипр түрік халқын асзанды ретінде көргісі келген мұндай ой-пікірді біз де қабылдамаймыз» деді. Чавушоғлу "Солтүстік Кипр Түрік Республикасының тең ортақ ретінде үстелде болуы керектігін және екі елді шешім негізінде түбегейлі бейбітшілікпен шешімнің мүмкін екенін айттық. Түркия және СКТР ретінде бір тұтаспыз" деген сөздер қолданды.

Хабер Түрік газеті «Алтун: әрбір орайда шындықты айтамыз» атты хабар жариялаған. Президенттік аппараттың Коммуникация басқармасы төрағасы Фахреттин Алтун YouTube-тың Шейіт дипломаттар көрмесінде айтқан сөздерін "жек көру сөздер" деген сылтаумен бір жеке теледидар каналының әлеуметтік желісінен шығарылуына наразылық көрсетті.

Стар газеті «Германия Түркия жайлы шешім жасады» деген хабар жариялаған. Германия жаңа типтегі коронавирус (Ковид-19) індеті салдарынан қауіпті деп жариялаған Түркияның да қамтылған 80 елге байланысты халықаралық шектемелерді күшінен қалдырды.  Германия Сыртқы істер министрі Хайко Маас «Болымды жаңалықтар болған жерде шектемелерді жалғастырудың бір мағынасы жоқ» деген сөздер қолданды.

Сабах газеті «Туризм секторы Германиядан 2,5-3 миллион туристтің келуін күтуде» атты хабарға орын берген. Туризм секторы өкілдері Германияда Түркияға деген сұраныстың Испания, Италия, Грекия сынды Еуропа елдерінен де көп екенін түсіндірді. Туризм секторы өкілдері егер бір болымсыз жағдай болмаса  2,5-3 миллион неміс туристтің Түркияға келетінін білдірді.



Ұқсас жаңалықтар