Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары

1667171
Түрік баспасөзіне шолу

Хабер түрік газеті «Еуропалық қайта құру және даму банкі биыл Түркия экономикасының 5,5 пайыз өсетінін болжады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Еуропалық қайта құру және даму банкінің (ЕҚДБ) болжамдарына қарағанда Түркия экономикасы биыл 5,5 пайызға өседі. Бұл мөлшер 2020 жылдың қазанындағы болжаммен салыстырғанда 0,5 пайызға жоғарылатылды. Рапортта түрік экономикасында осы жылға жоспарланған өсуде экспорттың ұлғаюы тиімді болады.

Ватан газеті «Әлем түрік пилотсыз әуе көліктерін қадағалауда» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркия өндірген Қарулы пилотсыз әуе көліктерінің халықаралық беделі өсіп келеді. Пилотсыз қарулы түрік әуе көліктерін инвентарына енгізуге дайындалып жатқан елдерге Польшадан кейін жаңасы қосылды. Албания парламенті түрік өнімі пилотсыз қарулы түрік әуе көліктері үшін қосымша 8 миллион еуродан астам бюджет бөлді.

Йени Шафак газеті «Еуропалық БАҚ-тан ТӘЖ-ға мақтау» атты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда коронавирус эпидемиясы тоқтатқан авиация саласында орнын сақтаған Түрік Әуе жолдары (ТӘЖ) осы жетістігімен өз атын айттыруды жалғастыруда. Германия мен Францияда хабар тарататын бұқаралық ақпарат құралдары эпидемияға қарамастан қаржы жылын жақсы аяқтаған ТӘЖ үшін «Шапшаң шаралардың арқасында эпидемия кезінде белсенділігін көрсетті» деп өзінің ең жақын бәсекелесінен екі есе асып түскенін баса айтты.

Стар газеті «Түркия мен Судан арасында маңызды ынтымақтастық» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркия мен Судан арасында ауыл шаруашылығы саласы бойынша ынтымақтастық келісімі жасалды. Келісімде тәжірибелік шаруашылық, тұқым өсіру, ауылшаруашылық зерттеулері, ауылшаруашылық аурулары, өндірісті арттыру және оқыту тақырыптары туралы баптар орын алды. Судандағы түрік іскерлерінің ауылшаруашылық қызметіне қоса екі ел ауылшаруашылығы саласындағы техникалық мүмкіндіктерін бір-бірімен бөліседі.

Сабах газеті «Баскетболдан ұлттық команда алғашқы матчында Уругвайды 95-86 есебімен жеңді» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда баскетболдан ұлттық құрама командасы Канадада өткен FIBA ​​Олимпиадалық іріктеу матчында Уругвайды 95-86 есебімен жеңді.



Ұқсас жаңалықтар