Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

1662533
Түрік баспасөзіне шолу

Сабах газеті «Ердоған кабинет жиналысының шешімдерін жариялады» деген хабарға орын берген.  Президент Режеп Тайып Ердоған кеше кабинет жиналысынан кейін мәлімдеме жасады. Ол Түркияда 1 шілде күнінен бастап көшеге шығу тыйымының алынып тасталатынын айтты. Ердоған вакцинация туралы «Соңғы бір аптада халық саны мөлшерімен алғанда әлемде ең көп вакцина салған ел болдық» деді.

Хүрриет газеті «Германиядан Түркия хабарламасы» деген хабар жариялаған.  Германия Сыртқы істер министрі Хайко Маас Еуропа Одағы мен Түркия арасындағы көш келісімінің жаңартылуын талап етті.  Маас бір газетке берген мәлімдемесінде «Түрік үкіметімен арадағы барлық қиыншылықтарға қарамастан осы елдің едәуір көш жүгін біз үшін көтеріп отырғанын қабылдау керек» деді.

Стар газеті «Түркиямен серіктестікке дайынбыз» деген хабарға орын берген.  Украина Мемлекеттік ғарыш агенттігі төрағасы Владимир Тафтай Түркиямен қорғаныс өнеркәсібінде болғаны секілді ғарыш саласында да көптеген жоба жүргізуге болатынын білдірді. Тафтай Түркияның Украина үшін маңызды серік екенін айтып,  ынтымақтастық нығайып, Түркия мен Украинаның ғарыш зымыраны немесе серік жолдай алатынын білдірді.

Ватан газеті қорғаныс өнеркәсібінен бір хабарға орын берген.  Қорғаныс өнеркәсібі басқармасының төрағасы Исмаил Демир көгілдір отан қорғанысында маңызды рол ойнайтын отандық Қарулы ұшқышсыз теңіз көлігінің жаппай өндірісінің басталатынын хабарлады.  Демир кезекте басқа молдельдердің бар екенін айтты.

Хабер Түрік газеті футбол хабарына орын берген.  Милан командасымен келісімі аяқталған түрік футболшы Хакан Чалханоғлу Интер командасымен келісімге келді.  Хакан медициналық тексеруден кейін келісімге қол қояды.

 

 



Ұқсас жаңалықтар