Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары.

1660603
Түрік баспасөзіне шолу

Йени Шафак газеті газеті  «Президент Ердоған: аймақтағы саяси мәселелерді диалог арқылы шешеміз» деген хабар жариялаған. Президент Режеп Тайып Ердоған Анталияда өткізілген Оңтүстік-Шығыс Еуропа Ынтымақтастығы процесі жиналысынанан кейін мәлімдеме жасады. Ердоған мәлімдемесінде жиналыста босқын және коронавирус індеті тақырыбында бірге күрес жүргізелітінін білдіріп, "Аймақтағы саяси мәселелердің диалог арқылы шешелетінін және бұның басқа жолының болмағанын ойлаудамыз. Түркияның Еуропа Одағына қатысу процесінің тездетілуі одаққа жаһандық деңгейде пайдасы болады" деді. 

Стар газеті «Барлық одақтас елдер Түркияға қолдау көрсетуі керек» атты хабарға орын берген. Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар мен Германия Қорғаныс министрі Аннегрет Крамп-Карренбауэр кездесті. Германия министрі  Крамп-Карренбауэр Ауғанстанда болған оқиғалар жайлы "Түркияның маңызды бір рөл алуы тақырыбында қадам басуына қатты ризамыз. Түркияға барлық одақтас елдері де қолдау көрсетуі керек" деді. 

Сабах газеті «Алок Шарма: Эмине Ердоғанның талпыныстары өте табысты» атты хабар жариялаған.БҰҰ Климат өзгерісі конференциясы төрағасы Алок Шарма Сабах газетіне бір мақала жазды Шарма мақаласында Түркияның климат өзгерісімен күресуін мақтап "Президенттің жұбайы Эмине Ердоғанның бұл жөнінде бастаған талпыныстары өте табысты" деген сөздер қолданды. 

Хүрриет  газеті «Францияның Түркия туралы шешімі» деген хабар жариялаған. Франция жаңа типтегі коронавирус (Ковид-19) індетімен күресу  шеңберінде саяхат шектемесі келтірілген «қызыл елдер» тізімінен Түркияны шығарды. Осылайша Түркиядан Францияға баратын жолаушылар үшін он күндік карантин шарты алынып тасталды.

Ватан газеті «Түрік әуе жолдарының жаңа шешімі» атты хабарға орын берген. Түрік әуе жолдарының бас директоры Билал Екши 18 маусымнан бастап барлық шетелге ұшатын рейстерінде жолаушыға тағам және сусын бере бастайтынын мәлімдеді. 

 



Ұқсас жаңалықтар