Түрік баспасөзіне шолу
Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

Сабах газеті президент Ердоғанның Әзербайжан мәжілісіндегі сөздеріне орын берген. Президент Режеп Тайып Ердоған Әзербайжан Ұлттық мәжілісіне үн қатқан кезде тарихи сөздер қолданды: «Бүгін барлық мүмкіндіктерімізбен Әзербайжанның жанындамыз. Бүкіл әлем білсін, ертең де жанында боламыз» Ердоған алтылы платформа ұсынысын жасағандарын айтып: «Ресей, Түркия, Әзербайжан, Иран, Армения және Грузия. Енді дұшпандық жойылсын» деді.
Стар газеті «Түркия – НАТО-да өте маңызды одақтас» деген хабар жариялаған. Неміс Маршалл фондының төрағасының орынбасары және Сыртқы саясат директоры Др. Лан Лессер «Түркияның ерекше маңыздағы бір одақтас екенін НАТО-да барша қабылдайды. Қазіргі дағдарыстардың көбінің Түркияның көмегінсіз басқарылуы қиын» деді.
Йени Шафак газеті «Алғашқы отандыө ядролық батарея» деген хабарға орын берген. Йылдыз Техникалық Университеті тарапынан көпке шыдайтын ядролық батарея прототипі жетілдірілді. Осы батарея арқасында ғарыш көлігі, жүрек үшін жиһаздар, су асты жүйелері мен ғылыми стансалар секілді жабдықтарға қуат беруге болады.
Хүрриет газеті «Шетелдегі 4 мың 862 мәдени экспонат Түркияға қайтарылды» деген хабар жариялаған. Мәдениет және туризм министрлігі тарапынан 2003 жылдан бері жүргізілген жұмыс нәтижесінде Түркияның шетелдегі жәдігерлерінің 4 мың 862-сі елге қайтарылды. Осылардың 423-і елге биыл жеткізілді.
Хабер Түрік газеті «Стамбул әуежайы 635 рейсімен Еуропа көш бастап келеді» деген хабарға орын берген. Еуропалық авиаконтрол ұйымының деректеріне қарағанда, Стамбул әуежайы сейсенбі күні атқарылған 635 рейсімен Еуропадағы әуежайлар арасында біріншы орын алды.