Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

1655256
Түрік баспасөзіне шолу

Сабах газеті «Түркия мен Қырғызстаннан FETÖ-мен күресте ынтымақтастық» атты хабарға орын берген.  Президент Режеп Тайып Ердоған Қырғызстан президенті Садыр Жапаровпен Анкарада кездесті.  Ортақ баспасөз мәслихатында Ердоған «Фетуллахшы террор ұйымы секілді террорлық ұйымдармен күресті қолға алдық. FETÖ-нің екі ел үшін де ұлттық қауіпсіздік мәселесі екенін білеміз» деді.  «Иықтасып күресіп, осы қауіпті сейілтеміз» деді ол.

Хүрриет газеті Сыртқы істер министрінің сөздеріне орын берген.  Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Америка Құрама Штаттарының тек Ливия және Сирия мәселесінде ғана емес, Жерорта теңізінен Қаратеңізге және Кавказға дейін көптеген территорияда Түркиямен ынтымақтасып істеуге ниетті екенін білдірді.  Әуе қорғаныс жүйесін алу тақырыбында баламалар бар екенін атап көрсеткен министр «АҚШ Патриот тақырыбында кепілдік бермесе,  басқа одақтастардан да әуе қорғаныс жүйесін алуға болады» деді.

Стар газеті «АҚШ баспасөзі: PKK/YPG- ге берілген қолдау –үлкен проблема» деген хабар жариялаған.  Америка Құрама Штаттарында жарияланған бір мақалада Сирияның солтүстігінде бөлшектеуші террор ұйымы PKK/YPG-ге берілген қолдаудың Түркиямен қатынастарда үлкен проблема екеніне орын берілді. Мақалада АҚШ террорлық ұйыммен жасаған қате серіктестік тақырыбында НАТО одақтасы Түркияның уайымдарына назарға алуы керектігі жазылған. «АҚШ президенті Джо Байденнің осы жерде батыл қадамы екі жақты қарым-қатынастарды едәуір жақсартуы мүмкін. Істің өзегі осында» деп жазылған.

Ватан газеті Түркияның қорғаныс өнеркәсібі өнімдеріне орын берген. Ұлттық әскери ұшақ бас қала Анкарада 3-ші Тиімділік және технология көрмесінде орын алды.  Бірінші рет көрмеге қойылған ұшаққа үлкен қызығушылық болды. Түркия АҚШ, Ресей және Қытайдан кейін аз көрінетін,  жоғары маневр қабілеті және жасанды интеллекті бар, бесінші буын әскери ұшақ өндіреді. Ұлттық әскери ұшақ 2023 жылы қолданысқа беріледі.

Хабер Түрік газеті түрік вакцинасы туралы хабарға орын берген. Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Кожа Түркияда коронавирусқа қарсы көптеген вакцина жетілдіру жобасы жүріп жатқанын айтты.  Ол бір вакцинаның аяқталу сатысына жетіп қалғанын білдірді. «Алдымыздағы аптада отандық вакцинаны соңғы сынақ сатысында ерікті азаматтарға егеміз» деді министр.

 



Ұқсас жаңалықтар