Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары

1646465
Түрік баспасөзіне шолу

Хабер түрік газеті «Пилотсыз әскери ұшағымызды 2023 жылы ұшыруды жоспарлап отырмыз» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Президент, Әділет және Даму партиясы төрағасы Режеп Тайып Ердоған кеше партиясының Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісіндегі (ТҰҰМ) жиналысында жасаған баяндамада «Пилотсыз әскери ұшағымызды иншалла 2023 жылы көгілдір аспанымызда ұшыруды жоспарлап отырмыз» деді.

Сабах газеті «Министр Чавушоғлу Грекияға барады» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу кеше партиясының жиналысы алдында жасаған мәлімдемеде ресми шақыру бойынша 31 мамыр дүйсенбі күні Грекияға баратынын айтты.

Йени Шафак газеті «Ұлттық Қорғаныс министрлігінен Әзербайжанға 5 дана миналарды механикалық тазарту жабдықтары» атты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Ұлттық Қорғаныс министрлігі жасаған мәлімдемеде министрлікке қарасты Әскери зауыт пен кеме өңдеу өндірістік корпорациясы (ASFAT) өндірген 5 дана механикалық мина тазарту жабдықтарының Әзербайжанға жеткізілгені атап көрсетілді.

Ватан газеті «Түркияға жаңа BioNTech вакциналары келді» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Кожаның бұған дейін келісімін жариялаған 120 миллион доза Pfizer/BioNTech вакцинасының алғашқы партиясын жеткізген ұшақ кеше ел астанасы Анкараға қонды. Вакциналар Денсаулық сақтау министрлігі вакцина және дәрі-дәрмек қоймасына арнайы салқындатқыш машиналармен жеткізілді.

Стар газеті «Түркияда өндірілді, 40 елге экспортталды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда 2021 жылдың қаңтар-сәуір айларында Америка, Германия, Кувейт және Бельгиядан бастап 40 елге 9 миллион 542 мың 306 долларлық бал экспортталды.



Ұқсас жаңалықтар