Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары

1643041
Түрік баспасөзіне шолу

Хүррийет газеті «Чавушоғлуның БҰҰ-дағы керемет сөзі» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу кеше БҰҰ Бас Ассамблеясының Палестина сессиясында Израильдің Палестина жеріндегі оккупациясын жою үшін халықаралық қоғамды жұмылдыру керек екеніне назар аударды. Министр Чавушоғлу шешімнің жол картасын әлемге түсіндірді. Чавушоғлу БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің жауапкершіліктерін орындай алмағанын атап «Әділетсіздікке қарсы үнсіз қалу жасалған қылмысқа ортақ болғанмен бірдей» деді.

Сабах газеті «Министр Сойлудан жаңғырық туғызатын сөздер» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Ішкі істер министрі Сүлейман Сойлу кеше жасаған мәлімдемесінде Түркияның террормен күресті бүкіл әлемге үйретіп жатқанын айтты. Сойлу «Барлық террор ұйымдарын майданда басып тастадық. Әсіресе соңғы кездері террор ұйымдарының жоғары деңгейлі басшыларын қолға түсіре бастадық. Себебі шеңбер тарылуда» деді.

Хабер түрік газеті «Министр Кожа мен профессор доктор Шахиннің мәлімдемелері» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Кожа кеше Ғылыми кеңес отырысының артынан жасаған мәлімдемесінде BioNTech вакцинасы үшін 120 миллион доза келісім жасалғанын атап көрсетті. Бейнеконференция арқылы жиналысқа қосылған BioNTech менеджері, профессор Доктор Угур Шахин болса «Біз 120 миллион дозаға қол қойдық. Маусым айының соңына дейін 30 миллион доза жібергіміз келеді. Шілде-тамыз және қыркүйек айларында 120 миллион дозаны жеткіземіз. Құдай қаласа жетістікке бірге жетеміз» деді.

Йени Шафак газеті «Түркия әлемде 519 көгілдір байрақты жағажайларымен 3-ші орынға көтерілді» атты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Қоршаған орта және қала министрі Мурат Курум Түркияның биыл 519 көгілдір байрақты жағажайларымен әлемде 3-ші орында тұрғанын мәлімдеді. Курум «Бүкіл талпыныстардың нәтижесін бүгін алғанымызды тағы бір рет мақтан тұтамыз. 2023 жылғы мақсатымыз – әлемде бірінші орынға көтерілу» деді.

Cтар газеті «Бурак Йылмаз айдың футболшысы сайланды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Францияның 1-ші лигасында Лилльде ойнаған ұлттық футболшы Бурак Йылмаз лигада айдың футболшысы болып сайланды. Йылмаз желтоқсан мен сәуір айларында да айдың футболшысы сайланған болатын.



Ұқсас жаңалықтар