Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

1642331
Түрік баспасөзіне шолу

Хүрриет газеті «Бүкіл Түркия бір дауыс» атты хабар жариялаған.  19 мамыр Ататүрікті еске алу, жастар және спорт күніне орай азаматтар кеше сағат 19.19 болғанда терезе мен балкондарға шықты.  Барлығы бірге ұлттық әнұранды шырқады. Президент Режеп Тайып Ердоған да осы акцияға Чанкая сарайында спортшылармен бірге қатысты.

Хабертүрік газеті «Президент Ердоғаннан АҚШ-на жауап» деген хабарға орын берген.  Президент Ердоған Палестинадағы қырғындар тақырыбында АҚШ Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесіне жауап берді. «Әлемге демократия, адам құқықтары, құқық, әділет, еркіндік, қауіпсіздік туралы уағыз берген елдер зұлымдыққа үнсіз қарап отыр. Бізге де «Ердоған бұлай сөйлемеу керек» дейді.  Не істейміз, қол шапалақтауымыз керек пе?» деді ол.

Йени Шафак газеті «Сыртқы істер министрлігінен наразылық» деген хабар жариялаған.  АҚШ Сыртқы істер министрлігінің президент Ердоғанды Израильдің қырғындарына қарсы болғаны үшін антисемитизммен айыптауына Сыртқы істер министрлігі наразылық білдірді. Министрлік Америка Құрама Штаттарын дәйексіз айыптаулардың орнына Израильдің шабуылдарын тоқтатуға шақырды.

Стар газеті Польшаның да түрік ұшқышсыз дрондарын алатынын жазған.  Украинадан кейін Польша аспанында да түрік қарулы және қарусыз ұшқышсыз әуе аппараттары ұшады. BAYRAKTAR TB2-нің суреттерін әлеуметтік медиа есебінен жариялаған Польша Қорғаныс министрі «Жақсы хабарлар келеді жақында.  Бізді бақылап отырыңыздар» деп жазды.

Сабах газеті «Неміс баспасөзі түрік кемесі туралы жазды» деген хабар жариялаған. Түркияның отандық тұңғыш ұшақ кемесі «Анадолы» бұл жолы неміс баспасөзінің назарын аударды. Қарулы ұшқышсыз әуе аппараты технологиясы мен ұшақ кемесінің күшін бірлестіретін алғашқы кеме болатын «Анадолының» техникалық ерекшеліктерін тізген неміс баспасөзі осы технология арқасында түрік армиясының нығая түсетінін атап көрсетті.

 



Ұқсас жаңалықтар