Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

1638708
Түрік баспасөзіне шолу

Стар газеті президент Ердоғанның сөздеріне орын берген.  Президент Режеп Тайып Ердоған «БҰҰ мінберінен көптеген жылдан бері «Әлем бестен үлкен» деп айтып келеміз.  Осы сөзіміздің дұрыс екеніне баршамыздың көзі жетті» деді. Коронавирус секілді қауіпті – Ислам дұшпандығы вирусының әсіресе Еуропа елдерінде тез тарағанын білдірген Ердоған «6 миллионы түрік, барлығы 35 миллион мұсылман өмір сүретін Еуропа бүгін бауырларымыз үшін ашық ауа түрмесіне айналып барады» деді.

Сабах газеті «ИЫҰ Түркияның бастамасымен жиналды» деген хабар жариялаған.  Ислам Ынтымақтастық ұйымы Өкілдер комитеті Түркияның бастамасымен 11 мамыр күні бас қосты.  Жиналыстың нәтижесінде Израильдің шабуылдары айыпталды.  Халықаралық қорғау берілуі және Израиль жасаған қылмыстарына орай жауапты деп табылуына шақыру тасталды.

Йени Шафак газеті «Палестинаның Түркияның басымдықтарының бірі екенін тағы бір рет көрдік» деген хабар жариялаған.  Иерусалим Қорғау делегациясының төрағасы Насыр әл Хидми «Палестинаның Түркияның басымдықтарының бірі екенін тағы бір рет көрдік» деді.  Түркияның осы тақырыпта халықаралық аренада әрдайым баста келгенін айтқан Хидми «Түркияға және президент Ердоғанға алғыс айтамын» деді.

Ватан газеті «Бір мәртеде 12 зымыран бірден ұшырады» деген хабарға орын берген.  Президенттік аппарат жанындағы Қорғаныс өнеркәсібі басқармасының төрағасы Исмаил Демир «BMC өндірген «Вуран» көлігіне қондырылған көп түтелі зымыран атқыш сынақта нысанды дәлдеп атқылады.  Бір мәртеде 12 зымыран ұшыратын қару Түрік Қарулы күштерінің құрамында» деді.

Хүрриет газеті «Тұрғын үй саудасы артты» деген хабарға орын берген.  Түркия көлемінде сәуір айында 95 мың 863 үй сатылды. Өткен жылға қарағанда үй саудасы 124 пайыз артты.  Шетелдіктерге сатылған үйлер де өткен жылмен салыстырғанда 416,1 пайыз артты.  Шетелдіктерге 4 мың 77 үй сатылды.

 



Ұқсас жаңалықтар