Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары

1637827
Түрік баспасөзіне шолу

Хүррийет газеті «Президент Ердоғаннан Палестина үшін дипломатиялық бастама» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Израильдің Палестинада жасаған адамзаттық қылмысы әлемнің басты күн тәртібінің біріне айналғанымен, елдер өздерінің айыптау хабарламаларынан шыға алмады. Президент Режеп Тайып Ердоған Иерусалим мен Газа секторындағы қырғынды тоқтату үшін іске кірісті. Ердоған алдымен Иордания Королі Абдалла II-мен, кейін болса Кувейт Әмірі Шейх Невваф әл-Ахмед әл-Джабир ас-Сабахпен телефонда сөйлесті.

Сабах газеті «Ердоған халықаралық қоғамды жұмылдырды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Коммуникация басқармасы төрағасы Фахреттин Алтун президент Ердоғанның БҰҰ-нан бастап, барлық халықаралық ұйымдар мен әлем мемлекеттерінің назарын Израиль жасаған мемлекеттік террорға аудара білгенін мәлімдеді.

Хабер түрік газеті «5 партия бірауыздан Израильді айыптады» атты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінде (ТҰҰМ) Әділет және даму партиясы, Республикашыл Халық партиясы, Халықтардың демократиялық партиясы, Ұлтшыл қозғалыс партиясы және Жақсы (IYI) партиясының ТҰҰМ-дегі топтары бірлескен декларация жариялады. Әл-Ақса мешітіне Израиль жасаған шабуылдар айыпталған декларацияда Израильдің халықаралық құқықты бұзған әрекетіне қарсы халықаралық қоғам уақытты жоғалтпастан тиімді әрі нәтижелі түрде шара қабылдауға шақырылды.

Йени Шафак газеті «Түркия Израильге қарсы бір жүрек болды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Израильдің Палестина мен әл-Ақса мешітіне жасаған шабуылдарына қарсы түрік халқы көшеге шықты. Көптеген қалада мыңдаған адам әл-Ақса мешітінде Израиль полициясының палестиналықтарға жасаған шабуылына наразылық көрсетіп көліктермен шеру керуендері құрды. Қолдарына Түркия мен Палестина мемлекеттік жалаулары алған азаматтар дұғаларымен қолдау берді.

Cтар газеті «Ливияда Түркия үшін үлкен мүмкіндіктер бар» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркияның Ливиядағы елшісі Кенан Йылмаз Түркия мен Ливия арасындағы өзара қарым-қатынастардың жақсы бағытта жалғасатынын және Ливияда түрік іскерлеріне үлкен мүмкіндіктер ұсынғанын тілге тиек етті. Йылмаз «Экономикалық салада түрік іскерлердің, экспорттаушылар мен инвесторлардың алдында үлкен мүмкіндіктер бар. Мен оларды Ливияға келуге шақырамын» деді.



Ұқсас жаңалықтар