Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары

1637136
Түрік баспасөзіне шолу

Сабах газеті «Ердоғаннан Еуроодақ хабарламасы» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Президент Ердоған кеше «Еуропа күніне» орай жариялаған хабарламада Одақтың мықты жаһандық актер болуы алдындағы ең үлкен кедергінің стратегиялық сабыр мен көзқарас тапшылығы екенін атап, «Еліміздің үлесі мен қолдауынсыз Еуроодақтың өзінің мықты болмысын сақтай алмайтыны анық» деді.

Cтар газеті «Еуроодақ мықты бір Түркиямен одан да күшейеді» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Сыртқы істер министрі орынбасары және Еуроодақтың төрағасы, өкілетті елші Фарук Каймакджы Түркия мен Еуропаның тарихының ортақ екеніне назар аударып, тараптардың келешекті де бірге құру керектігін атап көрсетті. Каймакджы «Еуроодақтың мықты бір Түркиямен одан да күшейетініне және жаһандық актер бола алатынына сенеміз» деді.

Ватан газеті «Министр Дөнмез мәлімдеді: Отандық литий сынақтардан сүрінбей өтті» атты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда сұйық бор қалдықтарынан өндірілген отандық литий Түркияның ірі батарея өндірушілерінің бірі - Әскери батарея өнеркәсібі және сауда корпорациясы өткізген сынақтардан сүрінбей өтті. Энергетика және табиғи ресурстар министрі Фатих Дөнмез жеке Твиттер аккаунтынан жасаған мәлімдемеде «Түркияның литийі 100 балмен емтихан тапсырды. Түркияның жоғары технологиялық өнімдері отандық литиймен қуаттанады» деді.

Хүррийет газеті «ТӘЖ 'Еуропаның үздігі' орнын сақтады» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Еуропалық аэронавигация қауіпсіздігі ұйымы (EUROCONTROL) жариялаған ұшу графикасы бойынша Түрік Әуе жолдары күніне орташа 504 рейсімен еуропалық қарсыластарын артта қалдырды. ТӘЖ-дің артынан ұшқан 392 рейсімен Air France екінші орынды иеледі.

Хабер түрік газеті «Автокөлік өндірісі қаңтар-сәуір айларында 28 пайызға өсті» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда жылдың алғашқы 4 айлық мерзімінде Түркияда жалпы автокөлік өндірісі өткен жылдың бірдей кезеңімен салыстырғанда 28 пайызға өсіп, 415 мың 187 данаға жетті, автокөлік өндірісі болса 8 пайызға артып, 288 мың 211 дананы құрады.

 



Ұқсас жаңалықтар