Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

1632801
Түрік баспасөзіне шолу

Хабер Түрік газеті Ұлттық Қорғаныс министрінің сөздеріне орын берген. Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар Бас Штаб төрағасы генерал Гүлер және Құрлық күштері қолбасшысы генерал Дүндармен бірге кеше Ирактың солтүстігіндегі базаларды тексерді. Министр Акар «Пенче-Шимшек және Пенче-Йылдырым операциялары табысты түрде жалғасуда. Індеріне басқын жасадық. Терроризмді жоюға мүдделіміз. Тез арада бейбітшілік пен тыныштық орнатамыз» деді.

Хүрриет газеті де Ұлттық Қорғаныс министрлігінің хабарламасына орын берген.  Ұлттық Қорғаныс министрлігі кеше Пенче-Йылдырым операциялық аймағында анықталған террорлық ұйымға мүше екі террористтің «Атак» тікұшақтарының арқасында залалсыздандырылғанын білдірді.

Йени Шафак газеті «Түрік әскери кемесі босқындарды құтқарып қалды» деген хабар жариялаған.  Ливия маңында көмек шақырған 123 босқынды Түрік Қарулы күштерінің кемесі аман алып қалды.

Сабах газеті Украиналық туристердің Түркияны таңдағанын білдірген.  Муглада коронавирус сақтық шаралары шеңберінде дайындықтарын аяқтап, қызмет бере бастаған туристік базалар украиналық туристерді қонақ қылуда.  Муглаға келген 350 кісілік украиналық алғашқы туристер тобы екі апта Фетхие және Мармаристе демалады.

Стар газеті түрік каратешілердің табысына орын берген.  Карате ұлттық құрамасы Португалияның бас қаласы Лиссабонда өткен Карате 1 премьер-лигасының Лиссабон сатысын табыспен аяқтады.  Түрік спортшылар үш алтын және алты қола медаль алды.



Ұқсас жаңалықтар