Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

1622463
Түрік баспасөзіне шолу

Сабах газеті Сыртқы істер министрінің Мысырға байланысты айтқан сөздерін жазған.  Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу мамыр айының басында Түркиядан бір делегацияның Мысырға баратынын айтты.  Ол екі ел арасында алдымен барлау қызметтері арасында ашылған каналдың сыртқы істер ведомоствосы арқылы жалғасуы жөнінде келісілгенін білдірді.

Ватан газеті «Зеленскийден азаматтарына Түркия шақыруы» деген хабар жариялаған.  Украинаға деген қолдауына орай президент Режеп Тайып Ердоғанға алғыс айтқан Украина президенті «Президент Ердоғанның Украинаны, уақытша басып алынған жерлерімізді, Қырымды қолдауы маңызды» деді.  Владимир Зеленский айырықша Украина азаматтарын Түркияда демалуға шақырды.

Хабер Түрік газеті «Туризм саласы маусым айынан бастап орыстардан көп сұраныс күтеді» деген хабар жариялаған.  Түркия Саяхат агенттіктері одағы төрағасы Фируз Баглыкая маусым айынан бастап Ресейден Түркияға сұраныстың жоғары болатынын және маусымның қазан және қараша айларын да қамтитындай түрде күзге дейін созылатынын айтты.

Хүрриет газеті Түрік Әуе жолдарының хабарына орын берген.  Түрік Әуе жолдары ұлттық және халықаралық авиация биліктері тарапынан рұқсат берілгеннен кейінBoeing 737 MAX типті ұшақтың екі жылдан кейін Анкараға алғашқы рейсін игергенін білдірді.

Стар газеті де авиация хабарына орын берген.  Еуропадағы авиаконтрол ұйымының деректеріне қарағанда биылдың алғашқы үш айында Мемлекеттік әуежайлары басқармасы Әуе қатынасы орталығы Еуропаның алдынғы қатарды орталықтарын артта тастап,  бірінші орын алды.

 

 



Ұқсас жаңалықтар