Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары

1616267
Түрік баспасөзіне шолу

Cтар газеті «Калынның ЕО-пен маңызды кездесуінен кейінгі мәлімдемесі» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда президенттік аппараттың баспасөз хатшысы Ибрахим Калын Президент Режеп Тайып Ердоғанның Еурокомиссия төрайымы Урсула фон дер Ляйен және Еуропа Кеңесі төрағасы Шарль Мишельмен кездесуінің жалпы жақсы өткенін мәлімдеді. Қалын Президенттің ЕО-пен қарым-қатынасының болашағы туралы Түркияның перспективасын ортаға қойып, Түркияның ЕО процесіндегі түпкі мақсатының толық мүшелікке қол жеткізу екенін мәлімдеді.

Йени Шафак газеті «Сарайда Еуроодақ саммиті» атты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Еуропа Кеңесі төрағасы Мишель Президент Ердоғанмен кездесуінің артынан «ЕО Түркиямен экономикалық ынтымақтастық, көші-қон мен халықтар арасындағы байланысты жақсарту үшін нақты күн тәртібін ұсынуға дайын» деп мәлімдесе, Ляйен «Кеден Одағының қолданыстағы проблемаларын қолға алып, мазмұнын жаңарту бағытында жұмыс істейтін боламыз» деді.

Хүррийет газеті «Bloomberg-тен мақтауға толы жаңалық» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда орталығы АҚШ-тағы Bloomberg іскерлік газеті әсіресе Әзербайжан тарапынан Таулы Қарабахта қол жеткізілген табыстың артында Түркияның пилотсыз әуе көліктерінің бар екенін атап, «Байкар компаниясының "Bayraktar TB2" пилотсыз әуе көліктері Ливия мен Әзербайжандағы қақтығыстардың тағдырын өзгертті» деді.

Ватан газеті «Бүкіл әлем 'turkishsouq.com' арқылы сатып ала алады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Қатынас және инфрақұрылым министрі Адил Қараисмаилоғлу 'turkishsouq.com' платформасы арқылы Англиядан Италияға, Швециядан Португалияға, Ресейден Австралияға, Канададан Бразилияға дейін 47 бөлек елге өнім экспорттайтын жағдайға жеткенімізді атап, «Шамамен 300 мың өніміміздің әлем нарығына шығуын қамтамасыз еттік» деді.

Сабах газеті «Стамбул әуежайы ұшқан 17 мың рейс санымен Еуропаның үздігі болды» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Еуропалық аэронавигация қауіпсіздігі ұйымы (EUROCONTROL) жариялаған 1-31 наурыз күндері арасындағы ақпаратқа қарағанда Стамбул әуежайы 17 мың 407 ұшқан рейс санымен Еуропаның шыңына көтерілді.



Ұқсас жаңалықтар