Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

1608171
Түрік баспасөзіне шолу

Хүрриет газеті «Ердоған: 2023 Жеңіс жылы болады» деген хабар жариялаған.  Президент Режеп Тайып Ердоған Әділет және даму партиясының 7-ші кезекті құрылтайында 2023 манифестосын жариялады.  Ердоған құрылтайдан кейін алғыс айтып: «2023 жыл «Жумхур» одақтастығының жеңіс жылы болады» деді.  Ол құрылтайда 1428 дауыстың барлығын жинап,  партиясының қайтадан төрағасы болып сайланды.

Стар газеті «Түркиядан АҚШ-қа жауап» атты хабарға орын берген.  Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Америка Құрама Штаттарының Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкенмен Брюссельде бас қосты.  Ол «Блинкенмен тиімді кездесу өткіздік. Ресейден S-400 алғанымызды және осы мәселенің біз үшін аяқталғанын айттық.  АҚШ Мемлекеттік хатшысымен Түркия немесе Америка Құрама Штаттарында ауқымды жиналыс өткізу тақырыбында келістік» деді.

Сабах газеті «1,4 миллион BioNTech вакцинасы Түркияда» деген хабар жариялаған.  ТР Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Кожа әлеуметтік желіден хабарлама жариялап, 1,4 миллион BioNTech вакцинасының Түркияға келгенін және қауіпсіздік сынақтарынан кейін азаматтарға егілетінін білдірді.

Йени Шафак газеті «НАТО: Ешбір одақтас Түркия секілді босқындарды паналатып отырған жоқ» деген хабарға орын берген.  НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенберг НАТО Сыртқы істер министрлері жиналысынан кейін хабарлама жасады.  Ол Түркияның маңызды одақтас екенін айтып: «Түркияның Ирак және Сириямен шекарасы бар.  Халықаралық терроризммен күресте маңызды рол ойнайды.  Басқа ешбір одақтас Түркия секілді босқынды паналатып отырған жоқ» деді.

Хабер Түрік газеті «Bitci компаниясы мен McLaren арасында ынтымақтастық келісімі» деген хабарға орын берген. Bitci  технология компаниясы мен Формула 1 командасы McLaren арасында ынтымақтастық келісіміне қол қойыды. Келісім шеңберінде Bitci.com логотипі McLaren көліктерінде және пилоттардың каскінде орын алады.  Осылайша бірінші рет бір түрік компаниясы Формула 1 организациясында орын алған болады.

 

 

 



Ұқсас жаңалықтар