Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары

1605821
Түрік баспасөзіне шолу

Ватан газеті «Түркия Республикасы Орталық Банкінің басшысы Кавджыоғлуның алғаш хабарламасы»тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Түркия Республикасы Орталық Банк басшысы Кавджыоғлу «Заңмен анықталған міндеттер мен өкілеттіктер шеңберінде инфляцияның тұрақты төмендеуін қамтамасыз ету мақсаты бағытында ақша саясаты құралдарын тиімді қолдану жалғаса бермек» деді.

Хүррийет газеті «Салда көлі үшін іске кірісті» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Қоршаған орта және қала министрлігіне қарасты Табиғи активтерді қорғау бас дирекциясы «Түркияның Мальдивтері» деп аталған Бурдур қаласындағы Салда көлінің Біріккен Ұлттар Ұйымының білім, ғылым және мәдениет жөніндегі ұйымы (ЮНЕСКО) табиғи мұралар тізіміне енгізілуі үшін іске кірісті.

Сабах газеті «Халықаралық рейстердің саны арта түсті» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда бүкіл әлемге кері әсерін тигізген жаңа типтегі коронавирус (ковид-19) эпидемиясы ықпал еткен салалардың бірі авиация болды. Эпидемияға байланысты соңғы 1 жылда айтарлықтай азайған халықаралық рейстер Стамбул Сабиха Гөкчен әуежайында қайтадан қалыпты жағдайға түсе бастады.

Йени Шафак газеті «Түркістаннан алғашқы шетелдік рейс Түркияға ұшты» атты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Қазақстанның Түркістан халықаралық әуежайынан Стамбул бағытына алғашқы халықаралық рейс 176 жолаушысымен Fly Arystan әуекомпаниясының «А-320» ұшағымен жүзеге асты. Бұл бағыттағы рейстер саны бастапқыда аптасына 2 рет, ал кейінгі сатыда аптасына 7 рет ұшатындай жоспарланды.

Хабер түрік газеті «Алғашқы 2 айда 27 елге бал экспортталды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда жылдың екі айында Түркиядан 27 елге 4 миллион 143 мың 579 долларлық бал экспортталды. Экспорты жоғары елдер арасында Германияға 1 миллион 304 мың 114, АҚШ-қа 1 миллион 148 мың 989, Кувейтке 215 мың 537 доллар бал сатылды.



Ұқсас жаңалықтар