Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды хабарларға орын берген.

1602833
Түрік баспасөзіне шолу

Хүрриет газеті «Ердоған: Түркия ең ірі өндіріс орталығы болады» деген хабар жариялаған.  Президент Режеп Тайып Ердоған кеше Форд Отосан компаниясының жиналысында «Болашақтың автомобиль өндірісінде электр қуатымен жүретін көліктердің ең ірі өндіріс орталығы Түркия болады» деген хабарлама жасады.

Сабах газеті Сыртқы істер министрінің сөздеріне орын берген.  Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу кеше Еуропа Одағына байланысты сұрақтарға жауап берді. «Алдымызда жетістік үшін маңызды мүмкіндік бар. Біз қарым-қатынастарды дамытуға дайынбыз» деді ол.

Йени Шафак газеті «Еуропа Түркияда демалу үшін күн санап отыр» деген хабар жариялаған. 2021 жыл туризм маусымында Еуропадан Түркияға ерте брондау сұранысы артты.  Неміс туристердің ерте брондауында Түркия баста келеді. Ұлыбритания нарығы да өсіп келеді.

Стар газеті қорғаныс өнеркәсібінен бір хабарға орын берген.  Байкар компаниясының техникалық директоры Селчук Байрактар ұлттық ұшқышсыз шабуылдаушы әуе көлігі AKINCI PT-3 –тің сынағының басталғанын хабарлады.  Байрактар көліктің жаңа сынақ көріністерін жариялады.

Хабер Түрік газеті спорт әлемінен бір хабар жариялаған.  Фенербахче волейбол командасының ойыншысы Наз Айдемир Акйол Халықаралық Волейбол федерациясының «Тарихтың үздік 100 ойыншысы» тізіміне енді.



Ұқсас жаңалықтар