Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары.

1602185
Түрік баспасөзіне шолу

Хүррийет газеті «Президент Ердоғанның Байденге шақыруы»тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда кеше Bloomberg-ке Сирия соғысының 10 жылдығына орай мақала жазған президент Режеп Тайып Ердоған «Байден әкімшілігі уәделерін орындау арқылы Сириядағы қайғылы жағдайды тоқтату және демократияны қорғау үшін бізбен бірге жұмыс істеуі керек» деп шақыру жасады.

Ватан газеті «Мәлімдемеші Калын: Түркия табандылықпен күресті жалғастырады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Президенттік аппараттың баспасөз хатшысы Ибрахим Калын '15 наурыз - исламофобияға қарсы Халықаралық күрес күніне' орай жасаған мәлімдесінде «Түркия исламофобия, Ислам дұшпандығы және мұсылмандарға бағытталған жеккөрушілік пен дискриминациялық сөздердің шындығын мүмкіндігінше халықаралық қоғамның күн тәртібіне әкеліп, барлық жеккөрушілік қылмыстарымен күресті жалғастыруда» деді.

Сабах газеті «Соңғы 5 жылда Түркияның қару-жарақ экспорты 30 пайызға өсті» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Стокгольм қаласындағы Халықаралық бейбітшілікті зерттеу институты 2016-2020 кезеңіне тиесілі халықаралық қару-жарақ саудасына қатысты соңғы мағлұматтарды жариялады. Бұған қарағанда Түркияның қару-жарақ экспорты ішкі қорғаныс өнеркәсібі және 2016-2020 жылдар аралығындағы 5 жылдық кезеңде отандық мүмкіндіктермен жетілген жүйелердің саны артқан соң қару-жарақ саудасы 2011-2015 жылдары аралығындағы кезеңмен салыстырғанда 30 пайызға көбейді.

Хабер түрік газеті «Түрік шайы экспорты 2021 жылдың алғашқы екі айында 3,1 миллион доллар табыс түсірді» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркиядан жылдың алғашқы екі айында жасалған шай экспорты 3 миллион 133 мың 816 доллар табыс түсірді. Қаңтар мен ақпан айларында 72 елге 785 тонна шай экспортталды. Бельгия, Германия және АҚШ ең көп шай экспортталған елдер болды.

Йени Шафак газеті «Түркия мың 340 рейспен Еуропадағы көшбасшылығын жалғастыруда» атты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Түркия кеше күнделікті ұшқан рейс санымен Еуропада бірінші орнын сақтап қалды. Еуропалық аэронавигация қауіпсіздігі ұйымы (EUROCONTROL) жариялаған мағлұматтар бойынша орташа ұшқан мың 340 рейс санымен Түркия тізімде бірінші орын алды.



Ұқсас жаңалықтар