Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

1593401
Түрік баспасөзіне шолу

Йени Шафак газеті «Президент Ердоған: бақыланбалы қалыпқа ену басталды» деген хабар жариялаған. Президент Режеп Тайып Ердоған кабинет жиналысынан кейін коронавирус сақтық шаралары жөнінде мәлімдеме жасады.  Ердоған 81 уалаяттың коронавирус жұғу оқиғаларына қарай төрт топқа бөлгендерін, орта және төмен рисктегі аймақтарда демалыс күндеріндегі шектеудің алып тасталатынын білдірді. Ол жоғары және өте жоғары рисктегі аймақтарда болса жексенбі күні үйден шығуға тыйым салынатынын айтты.

Сабах газеті «Сирек елдердің біріміз» деген хабарға орын берген.  Түркия экономикасы 2020 жылы 1,8, өткен жылдың соңғы тоқсанында 5,9 пайыз өсті. Қазына және қаржы министрі Лүтфи Елван өсім деректеріне байланысты мәлімдеме жасап, «Жаһандық медицина дағдарысы таңба басқан 2020 жылды өсіммен аяқтаған сирек елдердің бірі болдық» деді.

Хабер Түрік газеті «Түркияда өндірілген  ең енді, электрмен жүретін паром Норвегияда сынақтан табысты өтті» деген хабар жариялаған.  Норвегияның Түркиядағы өкілетті елшісі «Түркияда өндірілген әлемдегі ең енді электрмен жүретін NB42 паромы Норвегияда сынақтан өтті» деді.  Елші паромның суреттерін де жариялады.

Стар газеті «Француз тауарларына қарсы бойкот акциясы ықпалды болды» деген хабарға орын берген.  Әлем Мұсылман ғалымдар одағының мүшесі Шейх Сагир француз тауарларына қарсы бойкот акциясының ықпалды болғанын айтып, Түркия мен Пәкістаннан келген наразылықтар үшін осы екі елдің әкімшілігіне алғыс білдірді.  

Ватан газеті «Салда көлі үшін ЮНЕСКО-ға өтінім» деген хабар жариялаған.  Бурдурдың Йешилова ауданындағы Салда көлінің «әлемдік табиғи мұра» деп есептелуі үшін ЮНЕСКО-ға өтінім берілді. Салда көлін қорғау қоғамы өтінім беріп, Салданың сақталуы керектігін атап көрсетті. Өтінімде көлдің экологиялық және ғылыми тұрғыдан маңызды екені айтылды.

 



Ұқсас жаңалықтар