Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

1591167
Түрік баспасөзіне шолу

Хүрриет газеті «Армениядағы төңкеріс бастамасын айыптаймыз» деген хабарға орын берген.  Президент аппаратының баспасөз хатшысы Ибрахим Калын Армениядағы төңкеріс бастамасын айыптады. Ол әлеуметтік желіде «Армениядағы төңкеріс бастамасын айыптаймыз. Төңкерістер әрқашан демократиялық процесті үзіп тастаған және хаосқа себеп болады. Арменияда жағдайдың тез арада қалпына келуін тілейміз» деп жариялады.

Стар газеті «Еуропа Одағына тағы бір рет ескерту: Түркиямен ынтымақтастық жасау керек» деген тақырып қолданған. Венгрия Сыртқы істер және Сыртқы сауда министрі Петер Сийярто Еуропа Одағының босқындар тақырыбында Түркиямен ынтымақтастық жасауы керектігін айтты. Ол әйтпесе Еуропа Одағының қауіпсіздік проблемасы болатынын білдірді.

Сабах газеті «Түрік Әуе жолдары күніне орташа 603 рейспен Еуропадағы көшті бастап келеді» деген хабарға орын берген.  Еуропа авиарейстер қауіпсіздігі ұйымының 18-24 ақпан күндері арасындағы есебіне қарағанда,  түрік авиакомпаниясы күніне орташа 603 рейспен Еуропадағы қарсыластарын артта тастады.

Хабер Түрік газеті гүл экспортына орын берген.  Хабарға қарағанда, Түркияның 1 қаңтар – 21 ақпан күндері арасындағы гүл экспорты өткен жылдың осындай мерзімімен салыстырғанда 19 пайыз артты.  Гүл экспортынан 23 миллион 752 мың доллар кіріс кірді.

Ватан газеті қорғаныс өнеркәсібінен бір хабарға орын берген.  Президенттік аппарат жанындағы Қорғаныс өнеркәсібі басқармасы жобасымен Түрік авиация және ғарыш өнеркәсібі тарапынан өндірілген ATAK тікұшағы Полиция дирекциясына тапсырылды. Қорғаныс өнеркәсібі төрағасы Исмаил Демир Атак тікұшағында жүргізілген модернизация жұмыстарымен бірге электроникалықәскери және қарсы шара қабілетінің арттырылғанын айтты.



Ұқсас жаңалықтар