Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары

1588117
Түрік баспасөзіне шолу

Хабер түрік газеті «Президент Ердоған: АҚШ Иранға қарсы санкциялардан бас тарту керек» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Президент Режеп Тайып Ердоған Иран Мемлекет басшысы Хасан Руханимен телефон арқылы сөйлесті. Америка Құрама Штаттарының (АҚШ) жаңа әкімшілігінің Иранға қарсы біржақты санкциялардан бас тартып, Иран халқының әл-ауқатына кедергі келтірген әділетсіздіктің жойылу керектігін тілге тиек еткен Президент Ердоған соңғы бірнеше күннен бері екі жақты мәлімдемелердің жаңа мүмкіндіктерге жол ашуға жағдай жасайтынын білдірді.

Сабах газеті «Фахреттин Алтун: Біз PKK-ның қырғындарын ұмыттырмаймыз» атты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Коммуникация басқармасы төрағасы Фахреттин Алтун жуырда Ирактың Гара аймағында кепілге алынған 13 түрік азаматын шейіт еткен сепаратистік террористік ұйым PKK-ның қырғындарына қатысты бейне көрініс бөлісті. Алтун «Қанішер террор ұйымы PKK 1984 жылдан бері Түркияда нәресте, бала, әйел, жас өспірім және қария екеніне қарамастан бейбіт адамдарды қыруда. Біреулер елемесе де, қанішер террор ұйымы PKK-ның қырғындарын ұмытқан жоқпыз, ұмытпаймыз» деді.

Ватан газеті «Ресейдің Түркиямен S-400 қорғаныс жүйесін ортақ  өндіру мәлімдемесі»тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Ресейдің Федералды әскери-техникалық ынтымақтастық қызметінің вице-президенті Алексей Фролкин S-400 әуе қорғаныс жүйелерін Түркиямен бірлесіп өндіру тақырыбында мәлімдеме жасады. Фролкин Анкарамен әскери-техникалық ынтымақтастықтың түрлі салалары бойынша келіссөздердің жалғасқанын білдірді.

Хүррийет газеті «Түркияға тікелей шетелдік инвестициялар артады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркияда экономика мен құқық саласындағы реформалардың тікелей инвестицияларды жылдамдатуы күтілуде. Шетелдіктердің автокөлік, үй жиһазы өнімдері, бағдарлама мен логистика саласына деген қызығушылығы арта түсті. Инвесторлардың Түркияны таңдау себептері арасында инвестициялық табысқа лайықты орта, сапалы жұмыс күші және логистикалық жеңілдіктер орын алады.

Cтар газеті «Толығымен био-дизельмен жұмыс істейтін алғашқы генератор Түркияда өндірілді» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Стамбулдағы «Arken Generator» компаниясы әлемнің тұңғыш толық био-дизельді генератордың прототипін өндірді. Био-дизель генераторы жануар мен өсімдіктердің қалдықтарынан тұратын дизельді қайта өңдеу принципіне негізделген. 100 пайыз био-дизельмен жұмыс істейтін генератордың лицензиясын алған «Arken Power Generation» компаниясы өзінің прототипін орта мерзімді перспективада сауда-саттық тұрғыдан өндіруді жоспарлауда.



Ұқсас жаңалықтар