Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

1585137
Түрік баспасөзіне шолу

Хабер Түрік газеті «Операциялардың ауқымы кеңейіп жалғасады» деген хабар жариялаған.  Президент Режеп Тайып Ердоған Ирактың Гара аймағында бөлшектеуші террорлық ұйым PKK-ға бағытталған операцияның ауқымын кеңейтетіндерін білдірді. «Террористтерге тыныс алдырмаймыз» деген президент «Тазаланған аймақтарда қаншалықты болу керек болса,  сонша уақыт боламыз» деді.

Ватан газеті «PKK террорлық ұйымы 1984 жылдан бері 6 мың 21 азаматтық қырғын жасаған» деген тақырып қолданған. Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінде сөйлеген сөзінде Ирактың солтүстігінде террорлық ұйымға қарсы операциялардың үздіксіз жалғасып жатқанын білдірді.  Ішкі істер министрі Сүлейман Сойлу да 1984 жылдан бері PKK террорлық ұйымының 6 мың 21 азаматтық қырғын жасағанын айтып,  осы қырғындарға үнсіз қалғандарға наразылық білдірді.

Йени Шафак газеті «Бейбіт тұрғындарды қорғаған халықаралық жалғыз күш- түрік әскері» деген хабарға орын берген.  Америка Құрама Штаттарының беделді газеттерінің бірі New York Times-та жарияланған мақалада Түркияның шамамен бес миллион босқын азаматты қорғап отырған халықаралық жалғыз күш екеніне орын берілді. Мақалада Сирияда Башар Асад әкімшілігінің қырғындары мен бейбіт тұрғындар арасында тұрған жалғыз нәрсенің түрік әскері екені атап көрсетілген.

Стар газеті «Иран мамандары Түркияны меңзеді» деген хабар жариялаған.  Иран мен Америка Құрама Штаттары арасында ядролық келісімге орай тұйыққа тірелу жалғасып жатқанда,  Иран мамандары Тегеран мен Вашингтон желісінде ең ыңғайлы бітімгер елдердің Түркия,  Катар,  Ресей және Қытай екенін білдірді.  Әсіресе Түркия мен Катар Америка Құрама Штаттары және Иранмен жақсы қарым-қатынаста, әрі Иранға бағытталған санкцияларды қолдамайды.

Хүрриет газеті футболға байланысты бір хабарға орын берген.  Халықаралық футбол тарихы және статистикалары федерациясы 2001-2020 жылдарын қамтитын үздік төрешілер тізімін жариялады. Федерацияның жыл сайын қазылар алқасының даусымен анықталатын тізімінде неміс төреші Феликс Брич 140 ұпаймен бірінші орында. Түрік төреші Жүнейт Чакыр Бричтен бір ұпай аз алып, екінші орынды иеледі. Ағылшын Хоуард Веб болса 137 ұпаймен үшінші орында. 1998-2003 жылдар аралығында бірінен соң бірі алты рет үздік төреші болған италиан Коллина болса 94 ұпаймен 11-ші орын алды.

 



Ұқсас жаңалықтар