Түрік баспасөзіне шолу
Түрік баспасөзінің басты тақырыптары
Хүррийет газеті «Президент Ердоғаннан АҚШ-қа наразылық» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Президент Режеп Тайып Ердоған кеше жасаған мәлімдемесінде сепаратистік террористік ұйым PKK-ның Ирактың солтүстігіндегі Гара аймағында 13 түрік азаматын шейіт етуіне үнсіз қалған Америка Құрама Штаттарына (АҚШ) наразылық білдіріп, «Қане, сендер PKK- ның, YPG-нің, PYD-нің жанында емес едіңдер. Сендер олардың жанында орын алып отырсыз» деді.
Cтар газеті «АҚШ елшісі Саттерфилд Сыртқы істер министрлігіне шақырылды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Сыртқы істер министрлігі АҚШ-тың бөлшектеуші террор ұйымы PKK қырғыны туралы мәлімдемесіне бағытталған наразылықтың «ең мықты» түрде тілге тиек етілгенін білдірді. Министрлік жасаған мәлімдемеде «АҚШ елшісі Дэвид Саттерфилд министрлікке шақырылып, наразылығымыз мықты түрде жеткізілді» делінді. (АҚШ Сыртқы істер министрлігі Ирактың Гара аймағында сепаратистік террористік ұйым PKK-ның 13 түрік азаматының шейіт болуына байланысты жасаған мәлімдемесінде «Егер Түркия азаматтары ‘террор ұйымы PKK-ның қолынан қаза тапты’ деген хабар шындық болса, бұл әрекетті ең қатаң түрде айыптаймыз» деген болатын).
Сабах газеті «Министр Чавушоғлу АҚШ-тық әріптесі Блинкенмен сөйлесті» атты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу кеше американдық әріптесі Энтони Блинкенмен телефон арқылы сөйлесті. Өзара қарым-қатынастарға қоса терроризмге қарсы күрес талқыланған әңгіме барысында Блинкен министр Чавушоғлуна шейіт етілген 13 түрік азаматы үшін көңіл айтты және осыған сепаратистік террористік ұйым PKK-ның жауапты екенін атап көрсетті.
Ватан газеті «Ұлттық Барлау ұйымынан FETÖ операциясы»тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда өздері туралы іздеу салынған, Фетуллахшы (FETÖ) террор ұйымының қашқын мүшелері Гүрбүз Севилай мен Тамер Авджы Ұлттық барлау ұйымының операциясымен Өзбекстаннан Түркияға әкелінді. Гүрбүз Севилайдың Ирак пен Сирияда сепаратистік террористік ұйым PKK/KCK-PYD/YPG-SDG-ге үшін қару-жарақ жеткізумен айналысқаны және ұйымның басшыларымен кездескені анықталды.
Хабер түрік газеті «Месут Өзил қол қойған командасының футболкалары рекорд бағаға сатылды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Месут Өзил Фенербахче футбол клубына ауысқаннан кейін қол қою рәсімінде арнайы дайындап, қол қойған командасының 3 футболкасы жалпы 36 мың 50 еуроға сатылды. Жолақ футболка 26 000 еуромен Matchwornshirt интернет парақшасынан қазірге дейін сатылған барлық формалар қатарында ең жоғарғы бағамен рекорд жаңартты.