Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызд жаңалықтарға орын берген.

1579912
Түрік баспасөзіне шолу

Ватан газеті «Президент Ердоған Меркельмен сөйлесті» деген хабар жариялаған.  Президент Режеп Тайып Ердоған Германия канцлері Ангела Меркельмен видео конференция арқылы сөйлесті. Ердоған әңгімеде Түркия мен Еуропа Одағы қарым-қатынастарының жағымды бағытпен жылжығанын білдірді.  Наурыз саммиті қарсаңында байланыстардың артып, техникалық кездесулер өткізілуін тіледі.

Йени Шафак газеті «Неміс баспасөзінде Түркияға вакциналау тақырыбында мақтау» деген хабарға орын берген.  Коронавирустан қайтыс болғандар саны көп және медициналық жүйесінде көптеген қиыншылықтар шеккен Германияда дағдарыс артып отыр.  Түркияда болса сәтті жүріп жатқан вакциналау акциясы неміс медиасын таңғалдырды.  Неміс баспасөзі «Германиядағыдан да көп адам Түркияда егілді. Акция өз тәртібімен жүруде» деп жазды.

Стар газеті «Еуропаның қауіпсіздігі Түркиядан өтеді» деген хабар жариялаған. Ресми сапармен Анкараға келген Венгрия Сыртқы істер және сауда министрі Петер Сийярто «Түркиямен қатынастарымызға көп көңіл бөлеміз.  Көшке байланысты Еуропаның қауіпсіздігі Түркиядан өтеді.  Орталық Еуропаның энергиясының қауіпсіздігіне үлкен үлес қосуда» деді.

Сабах газеті «Орыс туристер ақпан айында жаз маусымын көрді» деген хабар жариялаған.  Анталияның Демре ауданында орыс туристер ақпан айында табиғат пен теңіздің қызығын көрді. Жерорта теңізінің көгілдір суында жүзді.

Хүрриет газеті «Әуежайлар қаңтар айында 5,2 миллион жолаушыға қызмет берді» деген хабарға орын берген.  Түркия бойынша әуежайларында биылғы қаңтар айында қызмет берілген жолаушы саны 5 миллион 227 мың 452.

 

 



Ұқсас жаңалықтар