Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

1577819
Түрік баспасөзіне шолу

Йени Шафак газеті «Ердоған: Студент тарту сайысында әлемде алғашқы ондықтамыз» деген хабар жариялаған.  Президент Режеп Тайып Ердоған Түркияның университеттеріне студент тарту санында алғашқы он ел арасында орын алғанын айтты.  Түркияның университетке қолжетімділік тақырыбында да Еуропада алғашқы орында екенін атап көрсеткен президент әлемнің беделді унивеситеттерінің оқытушыларының қашықтан білім беру арқылы Түркияда сабақ беру мүмкіндігі қамдалатынын айтты.

Хабер Түрік газеті «Түркияда шетелдік инвесторлар жылжымайтын мүлікті қолында ұстап тұр» деген хабар жариялаған. Түркияда жылжымайтын мүлік алған шетелдіктердің 92,7 пайызы жылжымайтын мүліктерді қолында ұстап тұр.  Шетелдік инвесторлар жылына шамамен үш айды Түркияда өткізеді. Жылжымайтын мүлік алған инвесторлардың жартысы екінші мүлік сатып алады. Олардың көбі инженер, басқарушы, іскер, дәрігер және зейнетке шыққандар. Шетелдік инвесторлардың жас орташасы – 50,6.

Стар газеті «Xiaomi Түркияда өндіріс бастайды» деген хабар жариялаған.  Әлемнің ең ірі үшінші ақылды телефон өндірушісі Xiaomi 30 миллион долларлық инвестициямен 2021 жылдың алғашқы ширегінде Түркияда өндірісін бастайтынын хабарлады. Компанияның Стамбулда ашылатын зауытымен Түркия осы брендтің әлемде өндіріс ашқан төртінші ел болады. Зауыт жылына бес миллион дана телефон өндіру әлеуетіне ие болады.

Сабах газеті «Бес жылда жылдың алтын өндірісі 100 тоннаға көтеріледі» деген хабарға орын берген.  Энергия және табиғи ресурстар министрі Фатих Дөнмез Түркияда жылына 42 тонна алтын өндірілгенін айтты. «Мақсатымыз - бес жылда жылына 100 тонна алтын өндірісіне қол жеткізу» деді ол. Министр Дөнмез әлемде жылына жүз тоннадан артық алтын өндіретін он ел қатарына енуді нысаналағандарын айтты.

Ватан газеті қорғаныс өнеркәсібіндегі жетістікке орын берген.  Рокетсан тарапынан жетілдірілген ұзын қашықтықты кеме ататын зымыран «Атмаджа» Синопта сынақтан өтті.  Сынақты Теңіз күштері қолбасшысы, армия адмиралы Аднан Өзбал мен қала әкімі Ерол Караөмероғлу бірге тамашалады. Сынақтан кейін сөз сөйлеген адмирал Өзбал «Ұлттық өнім «Атмаджа» досқа сенім береді, жауға үрей салады» деді.



Ұқсас жаңалықтар