Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары

1577133
Түрік баспасөзіне шолу

Хабер түрік газеті «Ердоғанның жаңа конституцияға шақыруы» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Президент Режеп Тайып Ердоған жақында жасаған «Жаңа Конституция» шақыруын қайталады. Жаңа конституцияның жұмысына оң үлес қосатын бәрін көргісі келетіндерін білдірген Ердоған «Бұл конституция Президенттік басқару жүйесі мен тарихи қадамдар негізінде құрылады. Қолданыстағы конституцияны алып тастап, жаңа азаматтық конституциямен жұмыс істеу бізді көз көрмейтін көкжиектерге апарады» деді.

Ватан газеті «Түркия АҚШ пен Ресей арасындағы келісімге риза»тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Түркия АҚШ пен Ресей арасындағы «Жаңа стратегиялық қаруларды қысқарту туралы келісімін» (Жаңа СТАРТ) тағы 5 жылға ұзарту шешімін құптағанын жариялады. Сыртқы істер министрлігі мәлімдемешісі Хами Аксой «Басылған осы маңызды қадамның қаруларды бақылау режимін күшейтуге және жаһандық қауіпсіздікке бағытталған шектеулермен күреске үлес қосуын тілейміз» деді.

Хүррийет газеті «АҚШ: Түркия маңызды әлеуетті өндіріс орталығы» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда АҚШ-тың Түркиядағы елшісі Дэвид Саттерфилд елінің Түркиямен терең және табысты іскерлік қарым-қатынастары аясында өз міндеттемесін жалғастырғанын, қазіргі сауда-саттық байланыстарды нығайтқысы келетінін мәлімдеді. Саттерфилд 'Түркияның инвестициялық ортасының ең тиімді тұстары елдің ыңғайлы тұрғын саны мен орналасқан аймақта көптеген нарыққа қол жеткізуге мүмкіндік беретін таптырмас географиялық тұғыры» деді.

Йени Шафак газеті «Биыл «Teknofest»-те 35 бөлек салада технологиялық байқаулар өткізіледі» атты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда әлемнің ең ірі авиация, ғарыш және технология фестивалі «Teknofest»-тің төртіншісі 2021 жылы 21-26 қыркүйек күндері Стамбул Ататүрік әуежайында өтеді. Фестивальдің былтырғыдан айырмашылығы аралас топтық модельдеу, коммуникациялық технологиялар, пилотсыз ұшу аппараты, жасанды интеллект, мәдениет және туризм технологиялары, ауылшаруашылығында қолданылатын жүргізушісіз құрлық көлігі және өнеркәсіптік салада сандық технология байқауларының алғаш рет ұйымдастырылуы.

Cтар газеті «Әлемдік банктен Түркияға рекорд инвестиция» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда өткен жылы Түркияға салған инвестициялары туралы Әлемдік банк жалпы сомасы 2,5 миллиард долларды құрайтын 9 маңызды өркендеу жобаны қаржыландырғанын жариялады. Әлемдік банктің Түркиядағы директоры Огюст Тано Куаме Әлемдік банктің 2021 жылы Түркияның әлеуметтік және экономикалық дамуын жалғастыру үшін қажетті мекемелердің нығаюына үлес қосатынын атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар