Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

1576424
Түрік баспасөзіне шолу

Хүрриет газеті «Байден кезеңінде Түркия мен АҚШ арасындағы алғашқы байланыс» деген хабарға орын берген.  Президенттік аппараттың баспасөз хатшысы Ибрахим Калын АҚШ Ұлттық қауіпсіздік кеңесшісі Джейк Салливанмен телефонда сөйлесті. Жаңа президент Джо Байден міндетке келгеннен кейін Америка Құрама Штаттары мен Түркия арасында алғашқы байланыс орнатылған болды.  Калын мен Салливан телефон әңгімесінде екі елдің екі жақты қатынастары,  Сирия,  Ливия,  Жерорта теңізінің шығысы, Кипр, Ауғанстан, Таулы Қарабах, коронавирус және халықаралық климат режимі тақырыптары қолға алынды.

Йени Шафак газеті Сыртқы істер министрінің Солтүстік Кипр Түрік Республикасындағы сапарына орын берген.  Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу СКТР президенті Ерсин Татармен кездескеннен кейін «Біз енді қайтып федерация үшін келіссөзге отырмаймыз. Себептерін айтып бердік. 52 жылдан бері болмады. Ертең болады деген кепілдік те жоқ. Кипр мәселесінде теңдікке негізделген келіссөз қажет. Егемен теңдік болатын болса,  онда екі мемлекет те болады» деді.

Стар газеті «Әлем елдерінен сұраныс келді» деген хабарға орын берген.  Карсан компаниясының басшысы Окан Баш толығымен электр қуатымен жүретін, жүргізушісіз автобус Карсан Автоном Атак Электриктің Румыния және Америка Құрама Штаттарынан сұраныс алғанын айтты. Автобус Түркияда да жолға шығуға дайын. «Түркияда да қолданылады, алдымен Президенттік кешен аумағында жүреді» деді ол.

Сабах газеті сауда тақырыбына орын берген. Сауда министрі Рухсар Пекжан «Қаңтар айында экспорт өткен жылдың сол айымен салыстырғанда екі жұмыс күні кем болғанына қарамастан, 2,5 пайыз артты. Экспорт 15 миллиард 48 миллион долларды құрады. Бұл көрсеткіш қаңтар айындағы ең жоғары көрсеткіш» деді.

Ватан газеті «Түрік авиакомпаниясы Еуропада үздік болуын жалғастыруда» деген хабар жариялаған.  Аэронавигация қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі еуропалық ұйымның деректеріне қарағанда, Түрік Әуе жолдары өткен аптада бір күндік орташа 588 рейспен Еуропада бірінші орын алды.

 



Ұқсас жаңалықтар