Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

1572831
Түрік баспасөзіне шолу

Ватан газеті президент Ердоғанның Илон Маскпен сөйлескенін білдірген.  Президент Режеп Тайып ЕрдоғанTesla және SpaceX компанияларының құрушысы Илон Маскпен телефонда сөйлесті.  Телефон әңгімесінде Түркиядағы мемлекеттік мекемелер және жеке меншік сектор мен компания арасында ғарыш технологиялары саласында ынтымақтастыққа байланысты тақырыптар қолға алынды.

Хүрриет газеті «Түркияға мақтау» деген хабар жариялаған. Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының Түркия өкілі Др. Батур Бердукылычев Түркияда жүргізілген жұмыстарға байланысты мақтау айтты.  Ол «Қысқа уақыттың ішінде бір миллионнан астам адамға вакцина егілді.  Түркияда ұлттық вакцинация бағдарламасы мен әлеуеті шыныменен мықты» деді.

Стар газеті “Түрік ғалымнан керемет табыс» деген хабар жариялаған.  Австрияда Procomcure Biotech компаниясының құрушысы және басшысы, түрік текті ғалым Проф. Др. Камил Өндер Ұлыбританияда кездескен коронавирустың жаңа штаммын анықтайтын жылдам PCR тестін жетілдірді.  Өндер «Тест 60-90 минут арасында нәтиже береді.  Өте арзан, әрі жылдам. Бұл да оның артықшылығы» деді.

Сабах газеті «Түркияны тартымды орталық қылатын көрсеткіш жарияланды» деген хабарға орын берген.  Халықаралық Валюта фондының болжамына қарағанда, Түркия пандемияның басынан бері болғаны секілді биыл да өсуін жалғастырады.Мықты шаралар арқасында індетке қарамастан өсуін жалғастырған Түркияға Халықаралық Валюта фондынан жақсы болжам келді. Фондтың білдіруіне қарағанда, Түркия биыл  6 пайыз өседі.  Бұл Түркияны тартымды орталыққа айналдырады.

Йени Шафак газеті «Әлемдік жұлдыз қол қойды» деген хабар жариялаған.  Фенербахче командасы әлемге танымал жұлдыз футболшы Месут Өзил үшін қол қою рәсімін ұйымдастырды.  Рәсімде Фенербахче командасына келгені үшін қуанышты екенін білдірген Месут Өзил «Фенербахче арман еді, мен үшін арман.  Екі тарап үшін де керемет болады» деді.



Ұқсас жаңалықтар