Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары

1570331
Түрік баспасөзіне шолу

Ватан газеті «Әскери теңіз-патрульдік ұшағы алғашқы қызметін орындады»тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Теңіз күштері қолбасшылығы инвентарына енген TCB-751 құйрық нөмірлі P-72 теңіз-патрульдік ұшағы кешегі алғашқы қызмет ұшуын жүзеге асырды. Ұшақтың алғашқы қызметін орындауының артынан Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар Бас Штаб басқармасы төрағасы Яшар Гүлер және Құрлық күштері қолбасшысы Үмит Дүндармен бірге ұшақты аралады.

Йени Шафак газеті «Министр Дөнмез жариялады: «Фатих» бұрғылау кемесі жаңа аялдамасында» атты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Энергия және табиғи ресурстар министрі Фатих Дөнмез кеше жасаған мәлімдемеде бұрғылау кемесінің Қаратеңіздегі жаңа аялдамасы «Түрікали-2» құдығына ұласқанын атап көрсетті. Дөнмез «Кемеміз дайындық жұмыстарының артынан Сакария газ орнында жұмысын бастайды. Қаратеңіздің «Фатих» бұрғылау кемесі өз қызметін үздіксіз жалғастыруда» деді.

Cтар газеті «Трабзон 2020 жылы Қаратеңіз экспортында бірінші орында» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Шығыс Қаратеңіз аймағы экспорттаушылар одағы мағлұматтарына қарағанда өткен жылы Қаратеңіздің 18 провинциясынан 4 миллиард 486 миллион 225 мың 629 долларлық экспорт жасалды. Аталмыш шетелдік сатылымдарда Трабзон қаласы бірінші орынға ие болып, 1 миллиард 60 миллион 807 мың 778 долларлық үлесімен аймақ экспортының 24 пайызын қамтамасыз етті.

Хабер түрік газеті «Демирджидің тоқыма кілемі Қиыр Шығыс нарығына бет алды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Манисаның Демирджи ауданында өндірілген тоқыма кілемдер ел көлемі мен Еуропа елдерінің артынан қазір Қытай мен Жапония нарықтарына жіберіле бастады.

Хүррийет газеті «Месут Өзил ресми түрде Фенербахчеде» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Фенербахче футбол командасы Месут Өзилмен 3,5 жылдық келісім-шарт жасалғанын мәлімдеді. Фенербахчеліктер Месут Өзилдің келуін 'Арман орындалды' деген тақырыппен жариялады.



Ұқсас жаңалықтар