Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

1568852
Түрік баспасөзіне шолу

Сабах газеті “Түркия ең көп ковид вакцинасы егілген алғашқы он ел қатарында» деген хабар жариялаған.  Түркия коронавирус эпидемиясы үдерісінде әрі аурухана қызметтерімен,  әрі вакциналау жоспарымен әлемге үлгі болуын жалғастыруда,  ковид вакцинациясында Түркия ең көп вакцина еккен он ел қатарына кірді.

Йени Шафак газеті Сыртқы істер министрінің сөздеріне орын берген. Брюссельде байланыс жүргізген Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу «Түркия мен Еуропа Одағы қарым-қатынастарында жағымды атмосфераның қалыптастырылуы маңызды.  Мұның жалғасты болуы үшін нақты қадамдар басу қажет» деді.

Стар газеті «Албаниядан Ердоғанға сыйлық» деген хабар жариялаған.  Албаниядағы бір музыка ансамблі президент Режеп Тайып Ердоған үшін бір ән шығарды.  Youtube желісінде жарияланған туындыда Түркия мен президент Ердоғанның Албанияға қосқан үлесі мен берген көмегі туралы айтылады. Сонымен бірге әнде Лач және Курбин қалаларында салынатын тұрғын үйлер мен Фиерде салынатын аурухана туралы да әңгіме қозғалған.  

Ватан газеті «Байрактар мен Анка жақын уақытта Еуропа көгінде» деген хабарға орын берген.  Өнеркәсіп және технология министрі Мұстафа Варанк әсіресе соңғы бес жылда жүргізілген инвестициялардың қысқа уақытта Түркияны қорғаныс өнеркәсібінде алпауыттар лигасына көтеретінін білдірді. «Еуропа көгінде де Түркиядан сатып алынған Байрактар мен Анкалардың ұшқанын көретін күн келеді» деді ол.

Хабер Түрік газеті «ТАНАП-тан бүгінге дейін шамамен 9,1 миллард текшеметр газ айдалды» деген хабар жариялаған.  Энергия және табиғи ресурстар министрі Фатих Дөнмез Түркия мен Әзербайжанның энергияда ынтымақтастығының маңызды екенін айтты. Ол «ТАНАП-тан 2020 жылы 4,9 миллиард текше метр, ал бүгінге дейін барлығы 9,1 миллиард текше метр газ айдалды» деді.



Ұқсас жаңалықтар