Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

1563449
Түрік баспасөзіне шолу

Ватан газеті президент Ердоғанның сөздеріне орын берген.  Президент Режеп Тайып Ердоған Түркияның отандық инфрақұрылымының күшін қалаған деңгейге көтеретіндерін білдірді.  Президент кеше Радио теледидар журналистері қоғамының Медиа Оскарлары жүлдесінің марапат рәсіміне қатысты. Ол жедел хабар алмасу қолданбаларына байланысты отандық түрі құрылатынын айтты.

Сабах газеті «Түркия, Пәкістан және Әзербайжан Сыртқы істер министрлері Исламабадта кездесті» деген хабар жариялаған.  Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Пәкістанның бас қаласы Исламабадта өткен Түркия-Әзербайжан-Пәкістан үштік сыртқы істер министрлері жиналысынан кейін баспасөздің сұрақтарына жауап берді. Саммитте көптеген салада бірге жұмыс істеуге шешім қабылдағандарын атап көрсеткен министр: «Қауіпсіздік, тұрақтылық және молшылықты арттыру үшін маңызды қадамдар басуға шешім бердік» деді.

Хабер Түрік газеті Путин мен Ердоған сөйлескені туралы хабарға орын берген.  Ресей президенті Владимир Путин Мәскеуде дүйсенбі күні Таулы Қарабах тақырыбында Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев және Армения премьер-министрі Никол Пашинянмен өткен үштік жиналыс туралы президент Ердоғанға мәлімет берді. Екі лидер кеше телефон арқылы сөйлесті.  Телефон әңгімесінде Түркия мен Ресей қарым-қатынастарының нығайтылуына бағытталған қадамдар қолға алынды.  Таулы Қарабах тақырыбындағы жаңалықтар мен бітімді бақылауға байланысты түрік-орыс орталығының істеріне баға берілді.

Стар газеті «СoronaVac вакцинасын бірінші болып Денсаулық сақтау министрі Кожа ектірді» деген хабар жариялаған. Жедел қолдану рұқсаты алынғаннан кейін вакцинаны бірінші болып Анкарадағы Қалалық ауруханада Денсаулық сақтау министрі Фахриттен Кожа ектірді. Кожа баршаның вакцина ектіруі керектігін атап көрсетті. «Себебі осы аурудан сақтанудың ең маңызды жолдарының бірі – вакцина. Қалыпты бұрынғы тұрмысымызға қайта оралу үшін міндетті түрде ектіруіміз керек» деді ол.

Хүрриет газеті өнеркәсіп өндірісі туралы хабарға орын берген.  Өнеркәсіп және технология министрі Мұстафа Варанк кеше Түркияның қараша айында өнеркәсіп өндірісін көп арттырған елдер қатарына енгенін айтты. «Барлық қиыншылықтарға қарамастан өнеркәсіп өндірісіміз жылдық 11 пайыз,  айлық 1,3 пайыз артып, нарықтағы болжамнан асып түсті.  Мақсатымыз – өндірістің осы бағытын 2021 жылы да жалғастыру» деді ол.

 



Ұқсас жаңалықтар