Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

1561936
Түрік баспасөзіне шолу

Хабер Түрік газеті «Вакцина бейсенбі немесе жұма күні салынып бастайды» деген хабар жариялаған.  Президент Режеп Тайып Ердоған әлемдегі коронавирус вакцинасын жетілдіру және өндірісін жақыннан бақылап отырғандарын айтты.  Президент Қытайдың вакцинасының елге жеткізілгенін, неміс вакцинасына байланысты келісім жасағандарын,  орыс вакцинасының жұмыстарын да бақылап отырғандарын білдірді. Ердоған коронавирус вакцинасының белгіленген тізімге сай бейсенбі немесе жұма күні басталатынын айтты.

Йени Шафак газеті «Грекиямен келіссөздің күні белгілі болды» деген хабарға орын берген.  Сыртқы істер министрлігі Грекиямен келіссөздердің 61-туры 25 қаңтарда Стамбулда өткізілетінін хабарлады. Түркия мен Грекия Эгей теңізіндегі проблемалардың әділ және түбегейлі шешілуі үшін 2002 жылдың 12 наурыз күні келіссөз бастаған болатын. Келіссөздің соңғысы 2016 жылдың 1 наурыз күні Афиныда болып, артынан грек үкіметі тоқтатқан еді.

Стар газеті Ресей, Әзербайжан және Арменияның ортақ декларациясына орын берген.  Ресей, Әзербайжан мен Армения арасында Таулы Қарабах аймағында Арменияның басқыншылығы кезінде жабылып қалған экономикалық және қатынас байланыстарын жандандыратын ортақ декларацияға қол қойылды.  Декларацияда теміржолы мен құрлық жолы желілерінің қамдалуына басымдық берілді. Осылайша Әзербайжан Нахчыван автономдық республикасы арқылы түрік нарығына жетеді.  Түркия мен Ресей арасындағы теміржолы қатынасы да қамдалады.

Хүрриет газеті «Шетелдіктер үшін таңдаулы қала – Стамбул» деген хабар жариялаған. Шетелдіктерге жылжымайтын мүлік сататын компания Nevita ұлттық және халықаралық салада инвестициялық тартымдылығымен алға шыққан қалаларды тізді.  Еуропадағы үлкен қалалар арасында ең тартымды қала инвесторларды қызықтырған Стамбул болды. Шетелдіктер Стамбулда 2019 жылы 20 мың 857, былтыр коронавирус эпидемиясына қарамастан қаңтар-қараша айларында 16 мың 867 үй сатып алды.

Сабах газеті экономика хабарына орын берген.  Түрік іскер Хаджы Сабанджы Түркияның коронавирус эпидемия кезеңін жақсы басқарғанын  басқа елдердің жағдайына қарағанда толық көрінетінін білдірді. «Медициналық инфрақұрылымымен,  ауруханаларымен, медициналық қызметкерлерімен мықты елміз. Басқа елдерге қарағанда жақсы жағдайдамыз» деген Сабанджы «Енді вакцинация процесі басталады. Біз экономикалық тұрғыдан мықты әлеуеті бар елміз, жылдам жинақталамыз» деді.

 



Ұқсас жаңалықтар