Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары

1559131
Түрік баспасөзіне шолу

Cтар газеті «Президент Ердоғанның Фетуллахшы террор ұйымы мәлімдемесі» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Президент Режеп Тайып Ердоған кеше Түркияға ресми сапармен келген Албания премьер-министрі Эди Рамамен бірге баспасөз мәслихатын өткізді. Рамамен кездесуінің басты күн тәртібі тақырыптары арасында террормен күреске қоса әскери және қорғаныс салаларындағы ынтымақтастықтың орын алғанын атап көрсеткен Ердоған «ФЕТО-нің (Фетуллахшы террор ұйымы) екі елге де қауіп төндіргені тақырыбында Албаниямен көзқарасымыз ортақ. Осы себепті Түркия Маариф Қорынан бастап еліміз барлық мекемелерімен Албанияның жанында» деді.

Хабер түрік газеті «Сыртқы істер министрлігі АҚШ-тағы оқиғалар туралы мәлімдеме жасады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Америка Құрама Штаттарында (АҚШ) демонстранттар конгресс ғимаратына басып кірген кезде Түркия оқиғаларға қатысты мәлімдеме жасады. Тараптар байсалдылық пен парасаттыққа шақырылған мәлімдемеде «Демонстранттардың АҚШ Конгресі ғимаратына басып кіру әрекетіне дейінгі ішкі жаңалықтарды алаңдаушылықпен қадағалаудамыз» делінді.

Хүррийет газеті «Эрсин Татардан БҰҰ-ға шақыру» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Солтүстік Кипр Түрік Республикасы (СКТР) президенті Эрсин Татар БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутеррешті аралдағы егемендік теңдігі мен екі мемлекетке негізделген ынтымақтастық формуласына ашық көзқараспен қарауға шақырды.

Сабах газеті «Министр Дөнмез: Жаңартылатын электр қуаты күшіміз 49 мың 550 МВт-қа жетті» атты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Энергетика және табиғи ресурстар министрі Фатих Дөнмез кеше Күн энергиясы өнеркәсіпшілері мен өнеркәсіп қауымдастығы ұйымдастырған «Күн саммитінде» баяндама жасады. Дөнмез жаңартылатын энергия саласының Ковид-19 эпидемиясы үрдісінен күшейіп шыққанын атап «Жаңартылатын электр қуаты күшіміз 49 мың 550 мегаваттқа (МВт) жетті» деді.

Ватан газеті «Өткен жылы Анталия Демредегі археологиялық орындарды 242 мың адам аралады»тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Анталияның Демре ауданындағы мұражай мен археологиялық орындарды 242 мың 787 адам аралады. Өткен жылы Демре ауданынан 5 миллион 605 мың 494 лира табыс түсті.



Ұқсас жаңалықтар