Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары

1542946
Түрік баспасөзіне шолу

Cтар газеті «Ердоғаннан Еуроодаққа нақты жауап: Түркияны қызықтырмайды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Президент Режеп Тайып Ердоған Әзербайжанға сапары алдында Эсенбоға әуежайында мәлімдеме жасады. 10-11 желтоқсан күндері өтетін Еуроодақ Басшылар саммитіне қатысты «Түркияға бағытталатын кез-келген бір санкция шешімі Түркияны онша қызықтырмайды» деді.

Йени Шафак газеті «Неміс баспасөзі түрік пилотсыз ұшақтары туралы сөз қозғайды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркия өндірісі пилотсыз әуе көліктерінің табысы халықаралық аренада жаңғырық туғызуды жалғастыруда. Кейбір неміс газеттері «Біз ұшқышсыз әуе көліктерінің қажеттігін әңгіме қылып жатқанда, Түркия табысты бір технология қалыптастырды. Бұл тақырыпта өте жоғары техникалық бір деңгейге көтерілді» десе, кейбір басылымдар «Түрік пилотсыз ұшақтары Таулы Қарабахта тарихтағы алғаш ұшқышсыз ұшақ соғысы болды. Соғыстың бағытын өзгертті» деген пайымдарға орын берді.

Сабах газеті «Түркия тарихына із қалдырған тағы бір жаңалық!» атты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Денсаулық сақтау министрлігі «Bioeksen» Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық технология серіктестігімен жетілдірілген Ковид-19 диагноз аппараты Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҮ) бекітуінен өтіп, салада әлем алпауыты фирмалар қатарында орын алды. Ел тарихымызда отандық бір диагноз аппараты технологиясы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бекітуінің артынан бүкіл әлемде қолданыла бастады.

Хүррийет газеті «Түркия алғаш литий карбонаты өндірісін бастады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Эскішехирдің Сейітгази ауданындағы «Etimaden» Кырка зауытында Түркия алғаш литий карбонаты өндірісін бастады. Аталмыш зауытта алғашқы жылы 10 тонна литий карбонаты өндірісін бастап, кейін өндіріс күшін600 тоннаға жеткізу нысанаға алынып отыр. «Etimaden» технология жетілдіру басқармасы төрағасы Дерия Марашлыоғлу алғаш өндірілген литий карбонатынотандық электр жүйелі автокөлікте қолданылатын литий сапасында екенін атап көрсетті.

Ватан газеті «Демалысқа келушілер қайтпайды! Қазан айында тұрғын үй саудасы 23 пайыз артты»атты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Түркияда шетелдіктерге сатылған тұрғын үй саны рейстер қайтадан ұша бастаған тамыз айынан бері өткен жылғы бірдей кезеңмен салыстырғанда арта түсті. Биыл өткен жылдың қазан айымен салыстырғанда 23,1 пайыздық өсу байқалды. Түркиядан ең көп тұрғын үйді Ирак, Иран, Ресей, Ауғанстан, Қазақстан, Кувейт, Ұлыбритания, Германия, Иордания және Әзербайжан азаматтары сатып алуда.



Ұқсас жаңалықтар