Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары

1541356
Түрік баспасөзіне шолу

Сабах газеті «Ердоған: Түркия халықаралық инвесторларға маңызды мүмкіншіліктер ұсынады» атты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Президент Режеп Тайып Ердоған Халықаралық Инвесторлар Қоғамы (YASED) ұйымдастырған «Халықаралық Инвестиция саммитіне» телеконференция арқылы үн қатты. Ердоған инвесторларға «Еліміз Азияға негізделген өндіріс желісіне балама іздейтін халықаралық инвесторларға айтарлықтай мүмкіншіліктер ұсынады деп ойлаймын» деді.

Йени Шафак газеті «Караисмаилоғлу: Отандық электр жүйелі пойыздардың өндірісі басталды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Қатынас және инфрақұрылым министрі Адил Караисмаилоғлу «Біз мақтан тұтқан тағы бір жоба - Отандық электр жүйелі пойыздардың өндірісі басталды. 2020 жылдың алғашқы жартысында прототиптері рельстерде болатын 2 дана жиынтықтың 2021 жылы жаппай өндірісін бастаймыз» деді.

Хүррийет газеті «Меркельден Шахин мен Түреджиге мақтау!» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Германия канцлері Ангела Меркель елде түрік және неміс тілдерінде хабар таратқан бір радионың бағдарламасында жасаған мәлімдемеде биотехнология фирмасы «BioNTech»-тің құрушыларынан түрік текті иммигранттардың балалары Профессор Угур Шахин мен доктор Өзлем Түреджинің жаңа типтегі коронавирусқа (Ковид-19) қарсы вакцинаны ашқандары үшін қуанышты екенін атап көрсетті. Меркель сондай-ақ Түркияда отбасына көрсетілген құрметті жақсы білгенін атап «Түркияда отбасыдағы үлкендерге құрмет түріктерде өте жоғары, бірақ үлкендерді ерекше қорғау керек. Қоғамдық иммундыққа қол жеткізілсе де, біз жақсы көретін адамдармен қашықтығымызды біраз уақытқа сақтауға тиістіміз» деді.

Cтар газеті «АФАД 10 елге 55 миллион долларлық гуманитарлық жәрдем жасады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Апат және төтенше жағдайларды басқару жөніндегі басқарма 2019 жылға дейін төтенше жағдайлардан зардап шеккен адамдарға 55 миллион долларлық гуманитарлық жәрдем жасады.

Ватан газеті «Әлемнің ең мықты әуе күштері жарияланды!»тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда 'Global Firepower' интернет парақшасы әлемнің ең мықты әуе күштеріне ие армиялардың тізімін шығарды. 1 мың 056 әуе көлігі бар Түркия 10-шы орында. Тізімде 13 мың 362 әуе көлігімен АҚШ бірінші, ал 3 мың 914 әуе көлігімен Ресей екінші орын алды.



Ұқсас жаңалықтар