Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары

1540749
Түрік баспасөзіне шолу

Хабер түрік газеті «Сыртқы істер министрлігі: Грекия дағдарысты арттыратын жұмыстарын жалғастыруда» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Сыртқы істер министрлігі мәлімдемешісі Хами Аксой грек баспасөзінде Түркияның Еуроодақ саммиті алдында Эгей мен Жерорта теңізіндегі әскери жұмыстарын арттырғаны жөнінде жарияланған жаңалықтар тақырыбында қойылған сұраққа жауап қайтарды. Бұл тақырыпта жарияланған хабарлардың шындыққа жатпағанын білдірген Аксой «Керісінше Грекия 20 қазан күнінен бастап Эгей мен Жерорта теңізінің шығысында 24 әскери қызметін жариялау арқылы аймақта өзінің арандатушы және шиеленісті күшейтетін әскери әрекеттерін жалғастыруда» деді. Аксой «Грекия Түркиямен өзара мәселелерін сырттан келетін қолдаумен емес, тек қана Түркиямен келіссөз үстеліне отыру, ынтымақтастық және келіссөзбен шеше алады» деді.

Хүррийет газеті «ҰҚМ жариялады: 28 операцияда 58 террорист залалсыздандырылды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Ұлттық Қорғаныс министрлігі (ҰҚМ) кеше мәлімдеме жасап, соңғы 1 айда жүзеге асырылған 28 операцияда 58 террористің  залалсыздандырылғанын жариялады.

Сабах газеті «Кануни» бұрғылау кемесі қызметке дайын» атты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Энергия және табиғи ресурстар министрі Фатих Дөнмез Түркияның үшінші бұрғылау кемесі "Кануни"дің Қаратеңізде бұрғылау жұмыстарын бастауға дайын екенін білдірді. Дөнмез кеше Твиттер парақшасынан кеменің бейнекөріністері орын алған бір мәлімдеме жасап «Кануни Қаратеңізде бұрғылау жұмыстарына дайындалуда. Мұнара біріктірілді. Артқа қарай санақ басталды...» деді.

Cтар газеті «Стамбул әуежайы Еуроодақта ең көп рейс ұшқан әуежайы болды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Еуропалық аэронавигация қауіпсіздігі ұйымының (EUROCONTROL) мағлұматтарына қарағанда Стамбул әуежайы, 28 қараша мен 4 желтоқсан күндері арасында Еуроодақта ең көп рейстер ұшқан әуежайы болды. Стамбул әуежайынан рейстер  28 қарашада 471, 29 қарашада 542, 30 қарашада болса 496 рет ұшып-қонды. Стамбул әуежайы аталмыш мерзімде Еуропаның танымал әуежайларын артта қалдырды.

Ватан газеті «Фочада сюрприз! Шамамен 250 жыл бұрын суға кеткен кеменің қалдықтары табылды»тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда түрік ғалымдарының Измирдің Фоча ауданы маңында жүргізген жұмыстарда 18-ғасырдың аяғында суға кеткені болжалған және қалдықтары кең бір алаңға тараған соғыс кемесі табылды. Кеменің қайсы ел тарапынан қандай мақсатпен қолданылғаны жайлы ақпарат жинау үшін егжей-тегжейлі бір жұмыс басталды.



Ұқсас жаңалықтар