Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары

1539325
Түрік баспасөзіне шолу

Cтар газеті «Ердоғаннан Ковид-19 эпидемиясымен күресте жаһандық ынтымақтастық шақыруы» атты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда президент Режеп Тайып Ердоған Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясы «Ковид-19 эпидемиясыменкүрес» арнайы отырысында бейне көрініспен үн қатты. Ердоған «Халықаралық қоғам 21-ғасырдың ең үлкен емтиханымен бетпе-бет. Бұл қиын кезеңнен өтудің кілті халықаралық және жаһандық ынтымақтастық» деді.

Хүррийет газеті «Ердоғаннан Әзірбайжанның шекара тұтастығына баса назар аударды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Президент Режеп Тайып Ердоған Иран мемлекет басшысы Хасан Руханимен телефонда сөйлесті. Әңгіме барысында Таулы Қарабах дауында жаңа бір кезеңнің басталғанын атап айтқан Президент Ердоған Әзербайжанның территориялық тұтастығы мен егемендігіне көлеңке түсіретін кез-келген әрекеттен бас тарту керек екенін білдірді. Ердоған мұқият болудың аса маңызды болғанын еске сала отырып, бейбітшілік пен тұрақтылықты орнатудың жаңа мүмкіндіктер ашатынын, мұның Арменияға қоса аймақ елдеріне де пайда әкелетінін мәлімдеді.

Йени Шафак газеті «Түркияның Әзербайжанға қару экспорты 600% артты»тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда

Түркияның әскери қолдауымен Таулы Қарабахта тарихи жеңіске жеткен Әзербайжан қаңтар-қараша айлары арасында Түркиядан 256 миллион долларлық қару-жарақ импорттады. 44 күндік соғыс кезінде Әзербайжан Арменияға шамамен 3,5 миллиард долларлық шығын келтірді. Армения армиясының ондаған әуе қорғаныс жүйесі, жүздеген танк пен бронды техникасы жойылды.

Сабах газеті «Вакцинаны ашқан түрік ғалымдары иммигрант түсінігін өзгертеді» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Коронавирус вакцинасын ашқан және бүкіл әлемнің назарын аударған түрік дәрігерлер профессор Угур Шахин мен доктор Өзлем Түреджи жұбы туралы хабар Amerikan Wall Street Journal және New York Times газеттерінің басты бетінде орын алды. Жаңалықтарда түрік дәрігерлерінің бұл жетістігінің иммигрант қоғамына жағымды әсер етіп, батыста артып отырған иммигрант мәселесін жоятын ерекшелікте екені баса айтылды.

Хабер түрік газеті «Түрік ғалымдарының Ковид-19 эпидемиясына қарсы мұрын бүріккіші» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Анкара, Билкент және Хаджеттепе университеттерінің ғалымдарының ортақ жұмысы нәтижесінде коронавирустың жасушаға енуіне жол бермеуді мақсат ететін бүріккіш жетілдірілді. Жануарларға арналған сынақтары сәтті аяқтаған мұрын бүріккіші енді еріктілерге қолданылмақ. Доцент, доктор Урарту Шекер бүріккіштің эпидемияны баяулататынына сенетінін мәлімдеді.



Ұқсас жаңалықтар