Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

1537363
Түрік баспасөзіне шолу

Стар газеті президент жариялаған сақтық шараларына орын берген.  Президент Режеп Тайып Ердоған коронавирус сақтық шаралары шеңберінде қабылданған жаңа шешімдерді жариялады. Осыған орай аптаның бес күні Түркия уақытымен сағат 21.00-ден таңғы сағат 05.00-ге дейін көшеге шығуға тыйым салынады. Осы шектеу демалыс күндері жұма күні кешкі 21.00-ден дүйсенбі күні сағат 05.00-ге дейін жалғасады.

Сабах газеті вакцина хабарына орын берген.  Президент Ердоған вакцина тақырыбында әлемдегі жаңалықтарды бақылап отырғандарын айтты.  «Бірінші сатыда 50 миллион дозаға келісімге келдік.  Азаматтарымыз осы вакцинаны тегін ектіреді» деген президент алдымыздағы ай медициналық қызметкерлерге егіле бастайтынын хабарлады.

Хүрриет газеті «Грекияның басқа есіктерде шешім іздеуі –қате» деген хабар жариялаған. Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар Грекияның Жерорта теңізінің шығысына байланысты келіссөзге жақындамай отырғанын,  басқа есіктерде шешім іздеп қате жасағанын білдірді.  Министр Акар Жерорта теңізі тақырыбында келіспеушілікті арттырған Грекия екенін айтып, Түркияның шешімге байланысты қадам басуға тырысқанын білдірді.

Йени Шафак газеті Лачын хабарына орын берген.  Әзербайжан армиясы 28 жылдан бері Арменияның оккупациясында жатқан Лачын қаласына кірді.  Армениямен шекарада орналасқан Лачын қаласы Таулы Қарабах мен Армения арасындағы жалғыз жол және Лачын дәлізі деп аталған жолдың стратегиялық маңызына байланысты 1990 жылдардағы соғыста басып алынған еді.  Соғыста Лачын армян күштерінің бірінші нысанасы болып, 1992 жылдың 18 мамыр күні басып алынған болатын.

Хабер Түрік газеті «Түркия – ең жылдам өскен ел» деген тақырып қолданған. Түркия үшінші тоқсанда өсу көрсеткіштерін жариялаған 51-ші ел болды.  Сонымен бірге әлемдегі ең жылдам өскен ел атанды. Қазірге дейін Түркиядан басқа Қытай, Тайвань және Вьетнам ғана позитив өсімін жариялады.  Қытай үшінші тоқсанда жылдық 4,9, Тайвань 3.92 пайыз, Вьетнам болса 2.62 пайыз өсті.



Ұқсас жаңалықтар