Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары

1536576
Түрік баспасөзіне шолу

Стар газеті «Ердоғаннан әлемге Иерусалим мен Палестина жолдауы» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда президент Режеп Тайып Ердоған Түркияның барлық платформада Иерусалимнің заңды күресін қолдағанын палестиналықтарға бағытталған оккупация, зорлық-зомбылық және қырғын саясаттарын жою үшін бар күшпен талпынғанын атап көрсетті. Ердоған «Біріккен Ұлттар Ұйымы қарарлары және Араб бейбітшілік бастамасы негізінде 1967 жылы шекаралары негізінде бас қала Иерусалимнің шығысы болған тәуелсіз, тұтас және егемен бір Палестина мемлекеті құрылғанша күресімізді табандылықпен жалғастырамыз» деді.

Ватан газеті «Түркияның отандық вакцинасы BioNTech және Moderna фирмаларының вакцинасымен бірдей ерекшелікте»тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Түркияда алғаш рет «m RNA»-ға негізделген яғни генетикалық технологияны пайдалана отырып әзірленген коронавирус вакцинасы Селчук Университеті Медициналық генетика кафедрасында жетілдірілуде. Маусым айында басталған вакцина жұмыстары жануарларда сынақтан өткізу сатысына жетті. BioNTech пен Moderna фирмалары жетілдірген вакцинамен бірдей ерекшелікке ие отандық вакцина жазғы айларда адамдардың қолданысына ұсынылады.

Хабер түрік газеті «1915 Чанаккале көпірінің биіктігі Эйфель мұнарасынан асты» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Дарданел бұғазының Еуропа мен Азия жағалауларын біріктіретін 1915 Чанаккале көпірінің бағаналарының биіктігі Францияның бас қаласы Париждің символы 300 метр биіктіктегі Эйфель мұнарасынан асты. Әлемнің ең ірі аспа көпірі болу атағын алатын көпірдің құрылыс жұмыстары аяқталған бағаналарының биіктігі 318 метрге ұласты.

Хүррийет газеті «Биржа Стамбулда жаңа рекордтар күтілуде» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда BIST 100 индексі президент Режеп Тайып Ердоғанның «Экономикада жаңа кезең» мәлімдемелерінің артынан қараша айында бірінен соң бірі 4 апта бойынша құнын көтерді. Өткен апта қол жеткізген ең жоғарғы деңгейлік рекордтын жаңартқан BIST 100 индексі 1.351,65 ұпайға ұласты. «Мамандар BİST 100 индексіндегі болымды көрініс артады» деген пікірде.

Йени Шафак газеті «Жаужүрек Ертұғрыл телесериалы мұсылмандардың қиялдау күшін қайта жандандырды» атты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда "Жаужүрек Ертұғрыл" теле сериалының әлем теле арналарындағы ықпалы күн тәртібінен кетпейді. 72 елде көрсетілген Түркия Радио Теледидар Корпорациясының (TRT) атақты телесериалы Палестинадан Пәкістанға, Азиядан Африкаға дейін көптеген аймақта адамдардың күнделікті өміріне кірді. «Middle East Eye» интернет парақшасында орын алған бір мақалада теле сериалдың бүкіл әлемдегі мұсылмандардың қиялдау күшін қайта жандандырғанын жазылған.



Ұқсас жаңалықтар