Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

1535309
Түрік баспасөзіне шолу

Хүрриет газеті «Түркия мен Катар арасында маңызды келісімдер» деген хабар жариялаған.  Президент Режеп Тайып Ердоған кеше Түркияға келген Катар әмірі Шейх Темим бин Хамад әл Саниді қарсы алды.  Ердоған мен Әл Сани Президенттік сарайда оңаша кездесті,  артынан делегация аралық кездесуге басшылық жасады.  Артынан екі ел арасында он келісімге қол қойылды.

Стар газеті Палестина тақырыбына орын берген. Вице-президент Фуат Октай кеше коронавирус себебімен онлайн өткізілген Ислам ЫнтымақтастығыҰйымының экономикалық және сауда ынтымақтастығы тұрақты комитетінің 36-шы жиналысының Министрлер отырысына қатысты.  Ол «Палестина мәселесіне байланысты ортақ ұстаным анықтауымыз керек.  Сондықтан палестиналық бауырларымыз және Ислам үмбеті күткен қадамдарды тез арада басуымыз қажеті» деді.

Ватан газеті «Халықаралық ұйымдар миссияларын орындаудан аулақ» деген тақырып қолданған.  Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің спикері Мұстафа Шентоп кеше халықаралық ұйымдардың, әсіресе Біріккен Ұлттар Ұйымының қызметтерін орындаудан аулақ екенін айтты. «Халықаралық ұйымдар тек белгілі елдердің мүддесіне емес,  адамзаттың пайдасына қызмет етуі керек және осы бағытта ауқымды реформалар қажет» деді ол.

Хабер Түрік газеті Ұлттық Қорғаныс министрінің сөздеріне орын берген.  Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар француз сенатының «Таулы Қарабах Республикасын» мойындаған шешіміне наразылық білдірді. Ол «Франция Еуропадағы Қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Минск тобының тең төрағасы ретінде бейтарап болуы керек. Ал осы шешім болса бұлай еместігін,  Францияның Қарабахта шешім емес, проблеманың бөлшегі екенін тағы бір рет көрсетті» деді.

Йени Шафак газеті Ішкі істер министрінің мәлімдемесіне орын берген.  Ішкі істер министрі Сүлейман Сойлу кеше мәлімдеме жасады. «Түркия бүгінгі күні терроризммен күресте бірінші рет туннельдің шығар жолына жақындады. Мына деректі бірінші рет жариялаймын.  Қазір ел ішіндегі террорист саны 320-ға төмендеді. Бұл сан тарихтағы ең төмен көрсеткіш» деді ол.

 



Ұқсас жаңалықтар