Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

1533999
Түрік баспасөзіне шолу

Хүрриет газеті «Ердоған мен Путин Қарабах туралы сөйлесті» атты хабар жариялаған. Президент Режеп Тайып Ердоған Ресей президенті Владимир Путинмен телефонда сөйлесті. Ердоған мен Путин телефон әңгімесінде Түркия мен Ресей арасындағы сауда айналымының арттырылуы, Таулы Қарабах, Сирия және Ливиядағы оқиғаларды қолға алды.

Йени Шафак газет «Түркия қарақшылыққа жауап береді» деген тақырып қолданған. Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Жерорта теңізінің шығысында түрік жүк кемесінің халықаралық құқыққа қайшы түрде тоқтатылып,  тінтілуіне наразылық білдірді. «Сауда кемелеріне қарақшы секілді кіру – құқық бұзушылық. Бұған жауап береміз. Құқықтық және саяси процесс арқылы қадағалаймыз. Не керек болса, соны істейміз.» деді ол.

Ватан газеті «Әзербайжан армиясы 27 жылдан бері басқыншылық астындағы Келбежерге кірді» деген хабар жариялаған. Әзербайжан армиясы 27 жылдан бері басқыншылық астындағы Келбежерді алды.  Арменияға Келбежерді тастап шығуы үшін берілген мерзім аяқталғаннан кейін Әзербайжан Қорғаныс министрлігі Әзербайжан армиясының қалаға келгенін хабарлады.

Хабер Түрік газеті Әзербайжан әскерінің үлгі боларлық ісіне орын берген.  Әзербайжан әскерлері басқыншылық астындағы аймақтарда заңсыз қоныстанған армян бейбіт тұрғындардың аймақтан көшіп кетуіне көмектесті.  Әзербайжан қолбасшыларының армян азаматтарға «Қаласаңыз, Әзербайжан азаматы ретінде осында тұруыңызға болады. Қаласаңыз, кетуіңізге де болады. Ешкім сізге тиіспейді» деген сөздері әлеуметтік желіде жаңғырық туғызды.

Стар газеті «АҚШ-та түрік делегат» деген хабар жариялаған.  Америка Құрама Штаттарында жаңа президентті анықтайтын 538 делегат арасында алғаш рет бір түрік бар.  Түркия –АҚШ қарым-қатынастары туралы мәлімдеме жасаған түрік делегат Дерия Ташкын «Джо Байден келгенде екі ел арасында проблема болады деп ойламаймын. Себебі екі мықты одақтас.  Түркия – мықты ел. НАТО-да одақтас. Ешкім мұны елемей кете алмайды» деді.



Ұқсас жаңалықтар