Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

1532471
Түрік баспасөзіне шолу

Стар газеті «Ердоған: ДАИШ-пен бетпе-бет күрескен жалғыз НАТО еліміз» деген хабарға орын берген.  Президент Режеп Тайып Ердоған G20 саммитіне қатысқан елдердің лидерлеріне үн қатты. «Жалғыз қалдырылғанымызға қарамастан,  бүгінге дейін 9 мың шетелдік террорист ұстадық және елдеріне жолдадық. Сирияда ДАИШ-пен бетпе-бет соғысқан жалғыз НАТО еліміз» деді ол.

Ватан газеті Ұлттық Қорғаныс министрлігінің хабарламасына орын берген. Ұлттық Қорғаныс министрлігінің хабарламасында Әзербайжанға әскер жолдауға байланысты құжат туралы «Түрік әскері Ресеймен бірге құрылатын орталықта және осы орталық атқаратын істерде бір жыл қызмет етеді» деп айтылды.

Сабах газеті «Еуропа елдері түрік дрондарын жеңе алмайды» деген хабар жариялаған.  Германияда жарияланатын Tagesschau атты ақпарат парақшасы түрік қарулы ұшқышсыз әуе көліктерін мақтаған.  Хабарда Әзербайжан мен Армения арасындағы қақтығыста Түркия берген дрондардың Әзербайжанның жеңісіне үлкен үлес қосқаны атап көрсетілді.  Хабарда «Қазір Еуропа елдеріндегі ешбір әуе қорғаныс жүйесі Түрік ұшқышсыз әуе көліктерін жеңе алмайды» деп жазылды.

Хүрриет газеті «Сынақтан өтті.  Алдымен SOM зымырандарында қолданылады» деген хабар жариялаған.  Өнеркәсіп және технология министрі Мұстафа Варанк Кале компаниясы тарапынан жетілдірілген ұлттық турбожет моторды сынақтан өткізді.  Варанк: «Кале компаниясының осы моторлары елімізде үлкен тапшылыққа жауап береді» деді. Ұлттық турбожет мотор алдымен Әуе Күштері қолбасшылығының SOM зымырандарында қолданылады.

Йени Шафак газеті «АҚШ-та өмір сүретін 12 жасар түрік бала шахматта әлемдік алғашқы жүздікке енді» деген хабарға орын берген.  Америка Құрама Штаттарында өмір сүретін 12 жасар түрік бала Каган Уз өзімен құрдас балалар категориясында әлем деңгейінде алғашқы жүздікке енді.  Алты жасында шахмат ойнауды үйренген және 9 жасынан бері жүйелі түрде шахмат ойнап келе жатқан Уз «Шахматта үздік болып,  ойнауды жалғастырғым келеді. Тоқтау жоспарым жоқ» деді.



Ұқсас жаңалықтар